Скринингтік әсерді қарау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық экологиялық бағалауды жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:
- « Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл орман шаруашылығының даму және құрылыс салу схемасын (жеңілдетілген бас жоспарды) түзету» жобасы;
- Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы – Ақмола облысы Ақкөл ауданының Ақкөл орман шаруашылығы;
-«Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ақкөл орман шаруашылығының даму және құрылыс салу схемасын (жеңілдетілген бас жоспарды) түзету» құжатын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «ДЭКО ПВ» ЖШС.
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Ақкөл ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Ақкөл ауданының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық жеке және заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, қандай әсерлер болуы ықтимал және оларды не себепті елеулі деп санайсыз?
- Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халық денсаулығына қандай ықтимал әсерлер зерттелуі тиіс және неліктен?
- СЭБ есебінде Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Егер жоқ болса, қандай ақпарат қажет және неліктен?
- Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халық денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты өзге де ескертулеріңіз немесе ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
Осы жұмыста келесі жобалық кезеңдер қабылданған:
- бастапқы жыл – 2025 жылғы 1 қаңтар;
- бірінші кезек – 2032 жыл;
- есептік мерзім – 2045 жыл.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімінің мерзімі: 2026 жылғы 6–19 тамыз аралығы (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 19 тамыз).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90
E-mail: [email protected]
Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды Министрліктің кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: [email protected]
Жіберілген құжаттардың Министрлік кеңсесінде тіркелгенін міндетті түрде +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.
СЭБ материалдары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
Министрліктің ресми сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
«Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ ресми сайтында.
Сайттағы сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-akkol/activities/6614?lang=ru