Ақмола облысы Біржан сал ауданының
аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 87 қаулысына
қосымша
2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Біржан сал ауданы
Мамай ауылы әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Біржан сал ауданының Мамай ауылы әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау | |
Аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 5 тамыз (113-1-б. 1-т., 1) т-сы, 2-т.) | |
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (22-б. 2 т.) | |
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну | |
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 6 тамыздан басталады және 2026 жылғы 18 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3 б.) | |
7. Әкімге кандидаттың оларға қойылатын талаптарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен сәйкестігін белгілеу | |
Аудандық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп (113-2-б.4) | |
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) | |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру | |
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімде (113-4-б.) | |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
Аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 8-т., 9-т.) | |
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (әрбір ұсынылған кандидат үшін 85 000 теңге) | |
Әкімдерге, саяси партияларға кандидаттар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2026 жылғы 1 тамызға) активтер мен міндеттемелер туралы декларация | |
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру | |
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) | |
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады. 2026 жылғы 6 тамызда басталады және 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б. 14-т.) | |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 2026 жылғы 23 тамызға дейін (28-б. 6-т.) | |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2026 жылғы 12 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) | |
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттармен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 23 тамызға дейін (24-б. 5-т.) | |
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 28 тамыздан бастап (26-б. 1-т.) | |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 2 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу | |
Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 10 қыркүйектен ерте емес және 2026 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 13 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
24. Дауыс беруді өткізу | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну | |
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б. 1-т.) | |
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей (44-б.4-т.,3 т) | |
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру | |
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.