Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы
Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалсын.
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 6-шы тамыздан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 18-ші тамыз сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ақтасты және Жабасақ ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 23-шы тамыз сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2026 жылғы 05 тамыз,
№ 16