2026 жылғы 5 тамыздағы
№ 07 қаулыға
қосымша.
2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Шалқар ауданы
Айшуақ ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу
жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
1. Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 5 тамыз (113-1-б.2,3-т.) | |
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (22-б.) | |
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну. | |
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 6 тамызда басталады және 2026 жылғы 18 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -де аяқталады (113-3-б.1,5-т.) | |
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т.2-тт.) | |
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) | |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) | |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7,8-т.) | |
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы 2026 жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі. | |
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2,4-т.) | |
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылдың 1 тамызына). | |
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 6 тамызда басталады және 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -де аяқталады (113-5-б.) | |
14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) | |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. | |
Жергілікті атқарушы органдар және Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 2026 жылғы 12 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00 -де аяқталады (27-б. 2-т.) | |
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Жергiлiктi атқарушы органдар және Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну. | |
Шалқар ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 24 тамызға дейін (24-б. 5-т.) | |
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 29 тамыздан бастап (26-б. 1-т.) | |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға дейін үш күннен ерте емес және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2026 жылғы 10 қыркүйектен ерте емес және 12 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 13 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
24. Дауыс беруді өткізу. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Шалқар аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну. | |
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б.) | |
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей. (44-б.) | |
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру. | |
Шалқар ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей. (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т). | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.