Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Астана қ. № 1 23 шілде 2026 жыл
Төрағалық еткен:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Е.Д. Кочетов
Қатысқандар: (тізім бойынша)
- Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар сайттарын бейімдеу туралы
(Кочетов, Қадылбекұлы, Ахетов, Абдыкаимов, Курбанова, Нургазиева)
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Қ.Қ. Қадылбекұлының GOV.KZ порталының және электрондық үкімет компоненттерінің цифрлық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпараты назарға алынсын.
- ЖИЦДМ GOV.KZ порталының, электрондық үкімет компоненттерінің және мемлекеттік интернет-ресурстардың (NCALayer, egov.kz, mGov, биометриялық сәйкестендіру сервисі, eotinish, elicense, мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет-ресурстарының платформасы және т.б.) цифрлық қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қайта жандандыру, оның ішінде сервистердің экрандық оқу бағдарламаларымен скринридермен үйлесімділігіне аудит жүргізу, сараптамалық тестілеу өткізу, сонымен қатар мемлекеттік органдарға мүгедектігі бар адамдарға цифрлық қолжетімділік талаптарын сақтау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету.
- ЖИЦДМ «ҰАТ» АҚ бірлесіп а.ж. 1 қыркүйегіне дейін:
1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын сапалы контентпен толықтыруға қатысуын күшейту және жауапты қызметкерлер үшін қайта оқыту ұйымдастыру;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер Порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ЕХӘҚМ мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы тәжірибесі негізінде техникалық қолдау көрсету;
3) «цифрлық үкімет» компоненттері мен мемлекеттік интернет-ресурстардың пайдаланушылық интерфейстерінің цифрлық қолжетімділік жөніндегі мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестігін бақылауды күшейту;
4) үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне ресми интернет-ресурстарда контент орналастыру мәселелері бойынша оқыту ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру.
- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары ресми интернет-ресурстарды ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнама талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурстарды дұрыс толықтыру, барлық жауапты қызметкерлерді «ҰАТ» АҚ ұйымдастыратын оқыту семинарына қатысуын қамтамасыз ету.
- Ақмола облысы әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ азаматтардың ашық отырыстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралары
(Кочетов, Жуламанов, Койшибаев, Ахетов, Диденко, Молдабеков, Сочнев)
- Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Б. Жуламановтың және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссиясының төрағасы М. С. Койшибаевтың әкімдік пен мәслихат қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпараты назарға алынсын;
- Ақмола облысы әкімдігінен баяндама жасаған Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Е.Б. Жуламановтың Комиссия отырысына дайындық сапасының төмендігі атап өтілсін.
- Ақмола облысының әкімдігі а.ж. 20 тамызына дейін мынадай шараларды қамтамасыз етсін:
1) азаматтар мен жұртшылықтың әкімдіктің ашық отырыстарының жазбалары мен тікелей көрсетілімдеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау;
2) талқыланатын мәселелердің күн тәртібін қоса бере отырып, ресми іс-шаралардың (ашық) аңдатпаларын жариялау;
3) әкімдіктің ресми интернет-ресурсында ақпараттық хабарламалардың (оның ішінде құрылыс объектілеріне жер учаскелерін беру туралы меншік иелері көрсетілген ақпараттың), баспасөз релиздерінің, нормативтік құқықтық актілер жобалары мен бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылау мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттың және заңнама талаптарына сәйкес өзге де ақпараттың сапалы жариялануын бақылауды қамтамасыз ету.
- Ақмола облыстық мәслихаты а.ж. 15 тамызына дейін мынадай шараларды қамтамасыз етсін:
1) ашық отырыстардың онлайн-трансляцияларының жазбаларын және (немесе) көпшілікке қолжетімді интернет-ресурста сақталған жазбаларға сілтемелерді толық көлемде уақтылы орналастыруды қамтамасыз ету;
2) мәслихаттың ресми интернет-ресурстарында (Instagram, Facebook және YouTube әлеуметтік желілерінде) сессиялар мен отырыстардың күні, уақыты, күн тәртібі және өткізу форматы көрсетілген хабарландыруларды уақтылы жариялауды қамтамасыз ету;
3) азаматтардың нақты уақыт режимінде ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мәслихаттың ашық отырыстарының ресми ресурстарда үздіксіз аудио және бейнетрансляциясын, сонымен қатар сапалы техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
- Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихатына тұрақты негізде үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мәслихат отырыстарына олардың қызмет бағытына, жарғылық қызметіне және қаралатын мәселелердің күн тәртібіне сәйкес қана шақыруды қамтамасыз ету.
- Комиссия хатшысына келесі Комиссия отырысын ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасында ақпаратқа қол жеткізу заңнамасын бұзу фактілері жөніндегі сот практикасын күн тәртібіне енгізу мүмкіндігін пысықтау (оның ішінде әкімдіктер мен мәслихаттардың ашық отырыстарына қолжетілімділікті қамтамасыз ету арқылы).
|
Комиссия төрайымының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Е.Кочетов |
|
Комиссия хатшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры |
Қ.Ахетов |