«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына сәйкес Жарқайың аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 5 тамыздағы № 40/18 «Жарқайың ауданының Далабай ауылының әкімін заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Далабай ауылының әкімін сайлауын өткізу туралы» қаулысына сәйкес 2026 жылғы13 қыркүйекте Далабай ауылының әкімін сайлау тағайындалды.
Сонымен қатар, Далабай ауылының әкімін сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдігінің интернет-парақшасында орналастырылды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы