"Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бағынысты "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қызылорда облысы Қазалы ауданы Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты

    "Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бағынысты "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Жанқожа батырауылы 2026 жылғы 20 шілде

    Арықбалық ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 09 шілдедегі "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" №03-2/79 өкіміне сәйкес "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі-Кәсіпорын) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жыл бойынша жүргізілді.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде жәнеұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

    Кәсіпорын қызметінің мақсаты-тұрғындардың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, ауыл мәдениетін, өнері мен халықтық ұжымдарының шығармашылығын қалыптастыру мен дамыту арқылы жоғары кәсіби деңгейге қол жеткізу болып табылады.

    Кәсіпорын өзінен өндірілетін және өткізілетін ақылы қызметтерді жүзеге асырады.

    І. Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    Кәсіпорынның міндетін, мақсатын, функцияларын, құқықтары мен міндеттерін анықтайтын заңдар мен құқықтық актілердің тізімі:

    1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

    2) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

    3) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

    4) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

    5) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;

    6) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы;

    7) "Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 137 бұйрығы;

    8) Кәсіпорын Жарғысы.

    Кәсіпорынның қызметін қозғайтын жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалардың болуы анықталған жоқ.

    ІІ.Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

    2.1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

    Кәсіпорынның ауылдық округі әкімімен бекітілген штаттық құрылымына сәйкес 2025 жылға штат саны–10,5. Оның ішінде 6қызметкер толық штаттық бірлік бойынша жұмыс жасайды: директор-1, есепші-1, әдіскер–1.көркемдік жетекші –1,0,суретші -1,режиссер -1. Техникалық қызметкерлер: 4,5,-. Оның ішінде штаттық бірліктеқарауыл-1, штаттық бірлікте тазалықшы-1,5, маусымдық от жағушы–2 штаттық бірлікпен 2 адам.

    Жыл ішінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты жұмыстан босатылған адам жоқ. Барлық жұмыскерлер қойылатын біліктілік талаптарға сай келеді, арнайы білімдері бар.

    Кәсіпорында жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар жоқ.

    2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында Кәсіпорында мүдделер қақтығысы белгілері анықталған жоқ.

    2.3. Мемлекеттік қызмет көрсету

    Кәсіпорынмен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

    2.4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Кәсіпорынмен рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

    2.5.Бақылау функцияларын іске асыру

    Кәсіпорында бақылау функциялары жоқ.

    2.6. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

    1. Кәсіпорынға 2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түспеген.
    2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мақалаларберілмеген.
    3. 2025 жылы Кәсіпорынға прокурорлық қадағалау актілері, сот актілері келіп түспеген, тіркелмеген.
    4. Кәсіпорын жоспарына сәйкес 2025 жылғы 9 сәуірде "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" атты тәрбие сағаты, 11 сәуірде "Жемқорлыққа жол бермеу – ардың ісі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған.

    Мемлекеттік сатып алу

    Кәсіпорын меңгерушісінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 5 бұйрығымен Кәсіпорынның 2025 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары бекітілген.

    Мемлекеттік сатып алу бойынша 3049412 теңге қаржы қаралған.

    Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 2226112 тенге, бір көзден сатып алу тәсілімен 823300тенге қаржыға мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған.

    Өткізілген мемлекеттік сатып алулар веб-портал арқылы электронды түрде өткізілген. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақталған және де өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

    Мәдени шараларды өткізуге 2025 жылға жергілікті бюджеттен 386,0 мың теңге бөлініп, қаржысы игерілген. Түрлі деңгейде барлығы 43 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. Жыл көлемінде кәсіпорын көрсететін ақылы қызметтен (би кештері, концерттер, жалдану бойынша) 500,0 мың теңге түсім түскен.

    Комплаенс қызметі

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындау шеңберінде Кәсіпорын басшысының 2021 жылғы 7 сәуірдегі №28 бұйрығымен мәдениет Үйінің көркемдік жетекшісіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер функциялары жүктелген.

    Қорытынды

    "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталған жоқ.

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардыболдырмау мақсатында Ұсыныс:

    1.Мемлекеттік сатып алуларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылуын ұйымдастыру, сатып алынатын тауарлар мен қызметтер бойынша қаржылардың заңнама талаптарына сәйкес игерілуін қатаң қадағалау;

    1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын ұдайы, тұрақты түрде ұйымдастыру;
    2. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын тақырыбында мақалалар жариялау.

    Осы Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген адамдармен, қызметінде сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізілген Кәсіпорын меңгерушісімен келісілді.

    Топ жетекшісі

    Н.Сералиев

    Топ мүшелері

    Ж.Ниеталиев

    Е.Торғай

    Г.Жусуп

    К.Кимагамбетов

    "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйі"

    МКҚК меңгерушісі М.Жаксылыков

    Арықбалық ауылдық округінің әкімі Н.Сералиев