Шет ауданның аумақтық
сайлау комиссиясының
2026 жылғы 5 тамыздағы
№2 қаулысына қосымша
2026 жылғы 13 қыркүйекке тағайындалған Қарағанды облысы Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Сәкен Сейфуллин атындағы кенті әкімінің (бұдан әрі – әкімдері) сайлауын тағайындау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 5 тамыз 2026 жыл (113-1-б. 1, 3-т.) | |
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен Шет ауданының аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (22-б. 2-т) | |
3. Шет аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.) | |
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.) | |
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде – 2026 жылғы 20 тамыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.) | |
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну | |
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 06 тамыздан басталып 2026 жылғы 18 тамызда жергілікті сағат 18.00 де аяқталады (113-3-б. 5-т.) | |
7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (113-2.) | |
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1т., 31-б.) | |
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 3-т.) | |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) | |
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті 2026 қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі | |
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) | |
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 тамызға) | |
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) | |
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру | |
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.) | |
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақытпен сағат 18.00 де аяқталады (113-5-б) | |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) | |
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру | |
Шет ауданының әкімдігі және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) | |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу | |
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті сағат 18.00 ден кейін басталып 2026 жылғы 12 қыркүйекте жергілікті сағат нольге дейін (27-б. 2-т.) | |
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының әкімдігі және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) | |
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну | |
Шет ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 23 тамызда (24-б. 5-т.) | |
20. №613 сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 29 тамыздан бастап (26-б. 1-т.) | |
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 03 қыркүйекке дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) | |
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күннен кешіктірмей 2026 жылғы 10 қыркүйектен бұрын емес және 12 қыркүйектен кешіктірмей (37-б. 3-т.) | |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 13 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) | |
24. Дауыс беруді өткізу | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) | |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) | |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) | |
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну | |
№613 учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) | |
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 16 қыркүйектен кешіктірмей (113-10-б, 1т.) | |
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы19 қыркүйектенкешіктірмей (44-б.) | |
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру | |
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 19 қыркүйектен кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) | |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.