Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтықсайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 05 тамыздағы №2 Қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының С.Сейфуллин атындағы кент әкімінің сайлауы 2026 жылдың 13 қыркүйекке тағайындалғанын хабарлайды.
С.Сейфуллин атындағы кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну 2026 жылдың 06 тамыздан басталып, 2026 жылдың 18 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
С.Сейфуллин атындағы кенті әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2026 жылдың 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылдың 23 тамызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2026 жылдың 12 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.
Қарағанды облысы Шет ауданыныңаумақтық сайлау комиссиясы