«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

    Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті

    «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММазаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

    Іріктеуге қатысу үшін барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары C-SV-12 санаты үшін: білімі орта, арнайы орта, жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

    Іріктеу өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр басқармасына қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы конкурсқа қатысушы болып табылады.

    Азаматтық қорғау органы қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:

    Санаты

    Лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты

    min

    max

    C-SV-12

    165 467

    250 505

    «ҚСҚ» қоймасының қойма меңгерушісі – 1 бірлік (C-SV-12 дәрежесі): Ұлытау облысының Жезқазған қаласы

    Функционалдық міндеттері: қоймалар мен материалдық құндылықтарды қорғау, өрт техникасы мен материалдық-техникалық құралдарды ұқыпты сақтау және пайдалану есепке алу.

    Конкурсқа қатысушыға талаптар: білімі орта, арнайы-орта. Жасы отыз бес жастан аспаған, Қорғаныс министрлігінде әскери-оқу қоры дайындығы бойынша әскери қызмет пен әскери дайындық өткендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

    Құжаттарды қабылдау мерзiмi 2026 жылдын 27 шілдесінен бастап 2026 жылдын 07 тамызына дейін. Құжаттарды қабылдау орны: 100600, Ұлытау облысы Жезқазған қаласы Тарадай көшесі 132, анықтама үшін телефон:87081242112, электрондық адрес:[email protected].

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    Кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған мынадай құжаттарды тапсырады:

    1) өкілетті органнан белгіленген нысанды өтiнiш;

    2) өкілетті органнан белгіленген нысанды сауалнаманы;

    3)өкілетті органнан белгіленген нысанды кадр есебi бойынша толтырылған жеке iс парағын;

    4) өкілетті органнан белгіленген нысан бойынша өз қолымен жазылған және басылған түрде толық толтырылған өмірбаяны;

    5)бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;

    6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (болған кезде);

    7)әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн (қолда бар болса);

    8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызметін өтеген әскери бөлімнен мінездемені;

    9) 3,5х4,5см өлшемдегі 6 (алты) фотосуретті;

    10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

    11)Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтаманы;

    12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.

    13) өзіне және жұбайынызға 2 дана салықты тапсыру туралы анықтамасы

    Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

    C-SV-12 санаттары үшін, бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың өту тәртібі:

    1. Азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн алдын ала қарау;
    2. Медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден табысты өту;
    3. Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;
    4. Қабылдау комиссиясының үміткерлермен өткізетін әңгімелесуі, ал үміткердің қалауы бойынша қабылдау комиссиясынын өткізетін әңгімелесуі үміткердің ата-анасын, жұбайының (зайыбының) шақыруымен өткізіледі.

    Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер алғашқы және кәсіби дайындыққа қатысу үшін ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы АҚА Астана қаласының оқу орталығына кезеңнен өту үшін жіберіледі.

    Жүктеу
    8a08f6be9bff35c582fc7b1962795848_original.26840.docx
    DOCX · 26 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Кесте

    Қаражал қаласы бойынша эвакуациялық қабылдау пунктерінің тізімі

    Кесте

    Жаңаарқа ауданы бойынша эвакуациялық қабылдау пунктерінің тізімі

    Кесте

    Ұлытау ауданы бойынша эвакуациялық қабылдау пунктерінің тізімі

    Кесте

    Сәтбаев қаласы бойынша эвакуациялық қабылдау пунктерінің тізімі

    Кесте

    Жезқазған қаласы бойынша эвакуациялық жинақтау пунктерінің тізімі

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінеазаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бос лауазымға орналасу үшін кәсіптік даярлауға іріктеуге қатысу үшін құжаттар...