«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26-бабын, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 44-баптарын басшылыққа ала отырып Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.. Жылыой ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 04 ақпандағы №17 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-тармағындағы «2026 жылдың 30 шілдесіне» деген сөздер мен сандар «2027 жылдың 24 қаңтарына» деген сөздер мен сандармен өзгертілсін.
3.. Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі жер–кадастрлық құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
- Осы қаулы күшіне енгеннен кейін Жылыой ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов