«Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ақпарат

    Шет ауданының әкімдігі

    «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – отбасы институтын нығайтуға, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік мекеме.

    Орталықтың негізгі мақсаты – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ мемлекеттік отбасы саясатын іске асыруға ықпал ету.

    Негізгі қызмет бағыттары:

    • өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау және әлеуметтік сүйемелдеу;
    • азаматтарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық кеңес беру;
    • отбасыдағы дау-жанжалдардың алдын алу және оларды шешуге жәрдемдесу;
    • тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    • отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған іс-шаралар, семинарлар, кездесулер мен тренингтер ұйымдастыру;
    • мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен бірлесіп кешенді көмек көрсету;
    • Қарағанды облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру жөніндегі пилоттық жоба аясында азаматтарға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық қолдау көрсету;
    • мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру арқылы мұқтаж отбасыларға уақытылы қолдау көрсету;
    • халыққа мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсету.

    Орталыққа өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе сондай жағдайдың туындау қаупі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар, ажырасу қаупі бар отбасылар, сондай-ақ кеңес пен қолдауға мұқтаж барлық тұрғындар жүгіне алады.
    Біздің ұстанымымыз – әр отбасының әл-ауқатын арттыруға, қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға және тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуге үлес қосу.

    Директор: Арыстанбекова Ләззат Мейрамқызы

    Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі, 73/4.

    Тел.: +7 (747) 368-01-91

    E-mail: [email protected]

    Instagram: @otbasynqoldau_shet_audany

    Жүктеу
    0a499e8e79b50224c41efdab7e7ce90b_original.14507.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026 г

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 30.07.2026 г.

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026 г

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026 г.

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026 г

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 30.07.2026 г

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Көзделіп отырған қызмет туралы өтініш 04.08.2026

    Шет ауданының әкімдігіЖарияланды: