" Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    ·

    "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

    1) "Электронды үкімет" веб-порталы;

    2) ақпараттандыру объектілері;

    3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі "электронды үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда) арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: Жалпы білім беру кезегіне өтініштер автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

    МДҰ-ға кезектен тыс орын үшін кезекке қоюға өтініштер (әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының, фельдъегерлік байланыс қызметкерлері) 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.

    МДҰ-ға бірінші кезектегі тәртіппен орын алу үшін кезекке қоюға өтініштер (педагогтердің, медициналық қызметкерлердің балалары; заңды өкілдері мүгедектігі бар тұлғалар болып табылатын балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жетім балалар; көп балалы отбасылардан шыққан балалар; мүгедектігі бар баласы бар отбасылардан шыққан балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар) өтініш берілген сәтте автоматты түрде өңделеді, кезекке қою туралы хабарлама кезекке қою туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.

    Санаториялық, арнайы кезекке өтініштер 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңделеді.

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

    1) көрсетілетін қызметті алушының Қағидалардың 1 және 5-қосымшаларға сәйкес электронды құжат нысанындағы өтініші;

    2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

    3) ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның электронды көшірмесі;

    4) мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);

    5) санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі талап етіледі.

    Жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден тартылып алынады.

    Резидент еместер үшін:

    1) Қағидаларға 1-қосымшаларға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электронды құжат нысанындағы өтініші;

    2) баланың туу туралы куәлігінің электронды көшірмесі;

    3) көрсетілетін қызметті алушының (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың электронды көшірмесі;

    4) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электронды көшірмесі (бар болған жағдайда);

    5) санаториялық мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі талап етіледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Кезекке қою туралы хабарлама беру (бекітілген нысанда) немесе Талаптар тізбесінің 9-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

    3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хабарландыру

    Хабарландыру «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Тургеновка ауылында әкімдіктің әкімшілік ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызда сағат 15:00-де жергілікті қоғамдастықтың жиналысы...

    Жарияланды:
    Жоба

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкіЭталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде Редакциялау күні 04.08.20...

    Жарияланды:
    Жоба

    Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Жеручаскелеріне қауымдық сервитутбелгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округінің әкімі ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ: «Атыгай Голд Майнинг»...

    Жарияланды:
    Есеп

    Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат

    Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпарат Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің тұрғындарымен № Көтерілген сұрақ Шешу жолдары Шешім мерзімі Жауапты орындаушы 1 Полиция бөліміне фактілерді ұсына отыр...

    Жарияланды:
    Есеп

    Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

    Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат, Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің есебі барысында баяндалған ауылдық округ халқының ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша № Айтылған ескертулер / ұ...

    Жарияланды:
    Анықтама

    2026 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы

    «Жітіқара ауданы Большевик ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ 2026 жылғы 1 қаңтардан 31 шілдеге дейін азаматтардың өтініштерімен жұмыстың жай-күйі туралы № Мемлекеттік органның атауы Өтініштердің жалпы саны оның ішінд...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 тамызға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі

    2026 жылғы 1 тамызға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың тізілімі № ТАӘ өтінім № Өтініш күні Жазба күйі Аймақ Керемкулов Адилет Назарбаевич 10100580515491 15.04.2022 В очереди С. Тасыбай

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округінің 2026 жылғы шілде да жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері

    Жітіқара ауданының Большевик ауылдық округінің 2026 жылғы шілдедажер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабының 14-тармағына сәйкес) № Жеке тұлғаның / заңдытұлғаның атауы Жер...

    Жарияланды: