«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)»
«Жітіқара ауданы Приречный ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен регламентіне сәйкес "Е-лицензиялау" ИАЖ арқылы жүзеге асырылатын «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
«Е-лицензиялау» ИАЖ арқылы өтініш беру арқылы заңды немесе жеке тұлға болу болмауына қарамастан оған әркім өзі тапсырыс бере алады.
Өтініш беру үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) және интернетке қолжетімділік қажет.
ЭЦҚ арқылы бағдарламаға кіру арқылы «Жер қатынастарын» таңдаймыз, одан әрі «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу)» «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы шығады, лицензиарды таңдаймыз, біздің жағдайда бұл "Жітіқара ауданы Приречный ауылы әкімінің аппараты" ММ, тиісінше, барлығын құжаттарға сәйкес толтырамыз, жер учаскесінің схемасын қоса бере отырып, ЭЦҚ қол қойылады.
Жер комиссиясы мақұлдағаннан кейін жерге орналастыру жобасына тапсырыс беріледі, олардың негізінде ауылы әкімі өкімі беріледі.