Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    ·

    Қазақстан мен Грузия: мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы әріптестік
    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен Грузияның Әділет үйі мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін дамытуға және халықпен жұмыс істеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың тәжірибе алмасып, азаматтардың заманауи сұраныстарына сай тиімді шешімдерді бірлесіп әзірлеуге ниетті екенін айқындайды.
    Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының қатарында халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып цифрлық қызметтерді дамыту көзделген. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасының заманауи стандарттарын енгізу арқылы клиенттік тәжірибені жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.
    «Себебі жаңа технологиялар мен заманауи үрдістерді уақытында меңгеру өте маңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
    Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
    «Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды», - деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.
    Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Хаттама Школьная көшесі, 14 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Школьная көшесі, 14 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні:Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны:Новоишимское ауылы Өткізілген күні:2026 жылы 14 шілде Начало слушаний:15:10 Төраға:Сегізбаев Д.А...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама Школьная көшесі, 5 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Школьная көшесі, 5 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні: Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны: Новоишимское ауылы Өткізілген күні: 2026 жылы 13 шілде Начало слушаний: 11:10 Төраға: Сегізбаев...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама Школьная көшесі, 9 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Школьная көшесі, 9 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні:Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны:Новоишимское ауылы Өткізілген күні:2026 жылы 13 шілде Начало слушаний:18:40 Төраға:Сегізбаев Д.А....

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама Школьная көшесі, 8 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Школьная көшесі, 8 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні:Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны:Новоишимское ауылы Өткізілген күні:2026 жылы 13 шілде Начало слушаний:16:00 Төраға:Сегізбаев Д.А....

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама Школьная көшесі, 7 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Школьная көшесі, 7 мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні:Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны:Новоишимское ауылы Өткізілген күні:2026 жылы 13 шілде Начало слушаний:14:40 Төраға:Сегізбаев Д.А....

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама Ауелбекова, 1а мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы

    Хаттама Ауелбекова, 1а мекенжайы бойынша тұрғындардың ашық жиналысы Жиналыстың пәні:Үй кеңесін сайлау Өткізілген орны:Новоишимское ауылы Өткізілген күні:2026 жылы 15 шілде Начало слушаний: 16:00 Төраға:Сегізбаев Д.А. –...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 23 шілдеде сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

    2026 жылғы 23 шілдеде сағат 11.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында ата-ана міндеттер...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 21 шілдеде сағат 15.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

    2026 жылғы 21 шілдеде сағат 15.00-де Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында 3 жоспарлы мәселе...

    Жарияланды: