Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18, 84, 85, 88 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 - бөліміне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 - баптарына сәйкес, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің хаты негізінде Алға ауданы әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Еркінкүш» шаруа қожалығына (басшысы Аймаганбетов Алмат Кожаевич) шаруа қожалығын жүргізу мақсатымен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан, Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды ауылдық округі, Талдысай ауылы, 4-учаске мекенжайы бойынша уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген жалпы ауданы 977 га жер учаскесінің (кадастрлық нөмірі 02-022-021-040) 43 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Жоғарыда көрсетілген жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін (пайдалы қазбалар кен орнының табылуына және игерілуіне байланысты) мәжбүрлі түрде иеліктен шығару мерзімі — осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап кемінде үш ай өткеннен кейін болып белгіленсін.
Келісім рәсімдерін жүргізу «Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
Жолығу мекен-жайы: «Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, 5-шағын аудан, 4-ғимарат.
«Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жоғарыда көрсетілген жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаржы қарастырсын.
«Ақтөбе облысы Алға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңмен белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын тиісті шаралар қабылдасын, соның ішінде қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құрылдарында жарияласын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Б. Кангужинге жүктелсін.