Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді жою мониторингі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау туралы ақпаратты дайындау жолымен жүргізіледі.
Аудан әкімінің өкімімен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы Бородулиха ауданы әкімі аппаратының басшысының м.а. бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді жою бойынша мониторинг жүргізді.
Іс-шаралар жоспары шеңберінде аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тұрақты негізде оқыту семинарларын өткізеді, әзірлеушілер органдарының жауапты мамандарына құқықтық, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау және әзірлеу мәселелері бойынша, кадр мәселелері бойынша, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін мемлекеттік қызметтер мен өтініштерді ұсыну бөлігінде тиісті түсініктемелер береді.
Аппарат басшысының м.а. В. Примак