Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органдарында 2025 жылдың екінші жартыжылдығын және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығының 2-тармағына сәйкес, Бородулихин ауданының мемлекеттік мекемелерінде 2026 жылғы 01 шілдеден бастап 2026 жылғы 31 шілдеге дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
- объектінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Әкімдіктің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
- Қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Аудан әкімдігінің қызметі Абай облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 22 қыркүйектегі «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы ережені бекіту туралы» № 217 қаулысымен бекітілген.
Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес, заң бөлімі аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілеріне уақтылы және тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мониторинг жүргізу кезеңінде Бородулиха ауданы әкімдігінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша қайшы келетін, ескірген және күшін жойған нормативтік құқықтық актілер анықталған жоқ.
- Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, персоналды басқару бөлімінде ішкі талдау жүргізу кезінде 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қамтитын жұмыс кезеңі қарастырылды.
Персоналды басқару: 2025 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша Бородулиха ауданының штат саны – 144 бірлікті, нақты саны – 112, бос орындар – 32 болды. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша – 143 бірлік, нақты саны – 111 бірлік, бос орындар – 32 бірлікті құрады.
2026 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша әкім аппаратында 23 бірлік қарастырылған, нақты саны – 18 бірлік, 5 бос орын бар. 2025 жылдың екінші жартыжылдығында конкурстық іріктеусіз қызметке тағайындалғандар жоқ, 2026 жылы – 2 (аудан әкімі аппаратының басшысы, уәкілетті органмен келісу бойынша аудан әкімінің орынбасары). Конкурстық іріктеуді формальды түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды жұмысқа қабылдау, іріктеу кезеңдерінің мерзімдерінің болмауы фактілері анықталған жоқ. Бос орындардың бар екендігі, біліктілік талаптары, қажетті құжаттар тізбесі, іріктеудің әртүрлі кезеңдеріне жіберілген тұлғалар туралы ақпаратты, іріктеу кезеңдерін өткізу туралы ақпаратты (бос орын туралы хабарландыруды орналастыру, құжаттарды қабылдау, әңгімелесу, тестілеу және т.б.) уақтылы және/немесе толық орналастырмау фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар, яғни жеке мүдделері олардың лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жағдайлар жоқ. Тексерілетін кезеңде сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері жоқ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылғандар жоқ.
Мемлекеттік қызметке қабылданған тұлғалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтайды.
Бүгінгі таңда ауданның барлық мемлекеттік органдары «Е-қызмет» ААЖ-де жұмыс істейді. Персоналды басқару қызметі «Е-қызмет» ААЖ базасын толық көлемде пайдаланады. Қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі (ҚББЖ) орнатылып, «Е-сервис» ААЖ-мен интеграцияланған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлей отырып, жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Сыйлықақы төлеу:
Ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлерін марапаттау туралы ұсынылған бұйрықтарды зерделеу барысында, мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген бюджет қаражатын үнемдеу есебінен қызметкерлерге материалдық көмек төлеу арқылы сыйлықақы берудің 5 дерегі анықталды. Алайда, аталған жағдайларда материалдық көмек кәсіподақ ұйымының кәсіподақ жарналары шығындарын үнемдеу есебінен жүргізілуі тиіс еді.
- Мемлекеттік сатып алуға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
«Абай облысы Бородулихин ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де:
Мердігер ұйымға іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін нысанды пайдалануға қабылдау актісіне заңсыз қол қою, орындалған жұмыстар актісіне қол қою және бюджет қаражатын аудару деректері анықталды.
«Абай облысы Бородулихин ауданы Бородулиха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ және «Абай облысы Бородулихин ауданы Жезкент кенттік округі әкімінің аппараты» ММ-де конкурс рәсімдерін өткізбей, тікелей жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасудың 2 дерегі анықталды. Алайда, аталған мекеме басшылары ұсынған шарттың бұл түрін жасасуға негіз болған себептер «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес келмейді.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
«Абай облысы Бородулиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де «Құрылыс және реконструкциялау жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімдері бойынша 2 бұзушылық анықталды. Бұзушылықтар рұқсат беру тәртібі мен мерзімі бөлігінде орын алған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жұмыс тобы мынадай ұсынымдар береді:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды насихаттау бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу.
- Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметі) және әдеп жөніндегі уәкілге уәкілетті құрылымдарды тарта отырып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар өткізу. Мемлекеттік қызметте мүдделер қақтығысының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және алдын алу бойынша іс-шараларды тұрақты негізде өткізу.
- Заң бөліміне құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша жұмысты жалғастыру:
- нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу;
- аудан әкімі аппараты мен әкімдігінің құқықтық және нормативтік
құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу.
Аппарат басшысының м.а. В. Примак