«Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    "Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ

    «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Жұмыс тобының құрамы: «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы Ж.Орман, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшы оынбасары А.Жунусов, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу бөлімінің басшысы – Д.Балтабек, «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ мемлекеттік сатып алу мониторингі және тапсырыс берушілермен жұмыс атқару бөлімінің басшысы – А.Оралбекова 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 шілдеге дейінгі кезеңіне «Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргіздік.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Басқарма басшысының 2026 жылғы 20 шілдедегі № 01-08/73ЖҚ бұйрығының негізінде жүргізілді.

    Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 маусымдағы № 106-VIII ЗРК, «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы № 290-VIII ЗРК заңдарын, «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысын, «Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысын, «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысын, «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысын, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысын, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығын, «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығын, «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығын, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығын, «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығын басшылыққа алады.

    Басқарманың негізгі қызметі – Абай облысының бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:

    1. Басқарма қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    Бағыт бойынша — мемлекеттік сатып алуды өткізу

    Индикатор бойынша: құқықтық алшақтық

    Белгілі бір жағдайларға қатысты мемлекеттік сатып алу веб-порталының техникалық қателіктерін жою бойынша "электрондық қаржы орталығы" АҚ тарапынан шаралардың уақтылы қабылданбауы (конкурстар қорытындыларының хаттамасын уақтылы қалыптастырмау, хабарландырудың бір cmamycтан екіншісіне уақтылы ауыспауы: конкурстық құжаттаманы талқылау, өтінімдерді қабылдау, өтінімдерді қарау, сот шешімдері мен қаулыларын уақтылы орындамау және т. б.) "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңының 2 — бабының 20-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор-акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға."Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 516 бұйрығымен "электрондық қаржы орталығы"АҚ айқындалған. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының техникалық қателері туындаған жағдайда Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жұмысының қағидаларына сәйкес техникалық қателерді түзету мерзімдері белгіленбеген, сот шешімдерін, қаулыларын және т. б. іске асыру тетігі айқындалмаған. қателіктер мен сот шешімдерін, қаулыларын іске асыру 5 күннен 2 айға дейін созылуы мүмкін, бұл мемлекеттік сатып алуды әдейі кешіктіру қаупін тудырады және бюджеттік инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылмауына әкеледі және сот шешімдерін, қаулыларын уақтылы орындамағаны үшін жаза түрінде ақшалай өндіріп алуға әкелуі мүмкін.

    Ұсыныстар:

    Техникалық қателерді жою мерзімін 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге белгілеу және Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың жауапкершілігін айқындау туралы ұсыныс Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) енгізілсін. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың жауапкершілігін айқындай отырып, сот шешімдерін, қаулыларын іске асыру тетігін әзірлеу.

    Жұмыс тобының мүшелері:

    Ж.Орман ______________________________________________

    А.Жунусов __________________________________________________

    Д.Балтабек__________________________________________________

    А.Оралбекова_______________________________________________

    «Абай облысының мемлекеттік

    сатып алубасқармасы» ММбасшысы

    _________________Ж. Орман

    Жүктеу
    b10415fff3796b8eefc62a30024895d1_original.367770.pdf
    PDF · 359 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АНОНС «Абай облысының мемлеккеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы.

    «Абай облысының мемлеккеттік сатып алу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы. «Абай облысының мемлеккеттік сатып алу басқармасы» ММ «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу...

    Ақпарат

    Абай облысы бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу барысы және мониторингі туралы ақпарат

    2026 жылы жоспардың 98 415 тармағы бойынша 226,6 млрд. теңге сомасына Мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарланды. Жеткізушіні айқындау үшін 185 млрд.теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді, оның ішінде...

    Ереже

    "Абай облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Қағида

    Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

    Заң

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы

    Заң

    Закон Республики Казакстан о государственных закупках