"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты" қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымша

    «СОКОЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕІШКІ ТАЛДАУДЫҢ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

    Соколов ауылдық округі әкімінің «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 08 маусымдағы №18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
    Талданатын кезең: 2025 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 01 маусымға дейін.
    Талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылғы 15 маусымнан 26 маусымға дейін.
    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 08 маусымдағы №18 өкімімен құрылған жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді:
    1) Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
    2) Аппараттың ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

    1. АППАРАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

    Аппараттың қызметін реттейтін заңнамадағы, нормативтік-құқықтық, құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізу кезінде:
    - лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін ережелер,
    - жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілер туғызуға ықпал ететін ережелер,
    - нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін тудыратын құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.
    Персоналды басқару жөніндегі қызметке ішкі талдау жүргізу кезінде мыналардың болуы анықталған жоқ:
    - мүдделер қақтығысы
    - жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилиирленуі
    - мемлекеттік сатып алуларды, бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстар өткізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау кезінде және аппараттың қызметіне қатысты басқа да әрекеттерде лауазымды тұлғалардың аффилиирленуі.
    - жақын туыстардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен жұмысы
    - қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзылуы.

    АППАРАТТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ

    Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің штат саны 5 адамды құрайды. Сонымен қатар, 2026 жылға арналған штат кестесіне сәйкес аппаратта техникалық қызмет көрсетуді және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 5,75 бірлік қызметкер бар, оның ішінде:
    - жүргізуші – 1 бірл.;
    - от жағушы – 3 бірл.
    - хатшы-басшы – 1 бірл.
    - жинаушы – 0,75 бірл.
    Персоналды басқару жөніндегі қызметке ішкі талдау барысында 2025 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңдегі мемлекеттік қызметшілер кадрларының ауысуы зерделенді.
    2025-2026 жылдардағы аппарат кадрларының ауысуы:
    Қабылданғандар саны - 2
    Бос орын – 0 бірл.
    Аппарат азаматтардың өтініштері бойынша статистикалық есептерді және кадрлар қозғалысы бойынша есепті уақтылы дайындап, тапсырады.
    Тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан Әдеп кодексі нормаларының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері туралы хабарлау үшін сенім телефоны туралы хабарландыру – хабарлама жарияланады.

    МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

    Аппараттың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметін зерделеу бойынша ішкі талдау жүргізілді.
    Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жүзеге асырады:
    1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
    2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
    3. «Мемлекеттік меншіктегі және сауда-саттық (аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу»
    4. «Жер учаскесін алуға кезекке қою»,
    5. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп төлеу арқылы сату».
    6. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту».
    Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтер бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде көрсетілді.
    Ішкі талдау жүргізу кезінде лауазымды тұлғалардың стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер қызмет көрсетуші мен қызмет алушының тікелей байланысы кезінде де, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да көрсетілді.
    Аппараттың сайтында мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттары орналастырылған.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде аппараттың лауазымды тұлғаларының ақпараттық жүйелерде тиісінше жұмыс істемеу фактілері анықталған жоқ.
    Аппарат көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілікті уақтылы ұсынады. Сапалы және уақтылы ақпарат беру үшін маманға дербес жауапкершілік жүктелген.

    ЖЕКЕЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАРАУ

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі қызметті зерделеу бойынша ішкі талдау жүргізілді.

    Соколов ауылдық округінің қарауына 2025 жылғы 01 маусымнан 2026 жылғы 01 маусымға дейін өтініштер келіп түсті жеке:

    тұлғалар-9

    заңды тұлғалар – 11

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі аппараттың қызметін зерделеу бойынша ішкі талдау нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау уақтылы жүргізілетіні, "жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы "ҚР Заңында белгіленген мерзімдер сақталатыны анықталды. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау уақтылы жүргізіледі. Тоқсан сайын азаматтарды қабылдау кестесін бекіту туралы бұйрық шығарылады. Аппарат қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.

    Әкім аппараты көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық есептілікті уақтылы ұсынады. Маманға сапалы және уақтылы ақпарат беру үшін жеке жауапкершілік жүктелген. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсететін округ әкімі аппараты мамандарының атына шағымдар түскен жоқ.

    МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ

    Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік сатып алуларға талдау жүргізілді. Аппарат Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын уақтылы әзірлейді және бекітеді.

    Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады.

    Бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу фактілері анықталған жоқ.

    Негізінен мемлекеттік сатып алу субъективті шешім қабылдау фактісін болдырмайтын "Мемлекеттік сатып алу" веб-порталында өткізіледі.

    Ішкі талдау нәтижесінде басшының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін Мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау, Мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

    РҰҚСАТБЕРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ-ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ

    Аппарат қызметінде рұқсат беру және бақылау-қадағалау функциялары жоқ.

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Соколов ауылдық округі әкімі аппаратының қызметінде ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету ресми интернет ресурс, Facebook әлеуметтік желісіндегі Парақ және аудандық БАҚ арқылы жүзеге асырылады.

    Сайтта аппараттың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат, есеп беру кездесулері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат орналастырылады.

    Аппараттың қаржылық және бюджеттік рәсімдерінің ашықтығы мен қолжетімділігі веб-порталда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің ақпараттық-есепке алу орталығының бірыңғай мемлекеттік тізілімінде қаржылық есептілікті, орындалу жоспарлары мен есептерін жариялау жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу жоспарлары туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылады.

    "Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты "КММ-де жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Аппарат сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Құқықтық бұзушылықтарды болдырмау үшін аппаратта тиісті жұмыс жүргізіледі. Жалпыға бірдей құқықтық оқыту сабақтарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланады.

    Аппарат құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды.

    СоколовӘкімі ауылдық округі В. Азаров

    Ұқсас материалдар

    Жоспар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Соколов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    "Солтүстік ҚазақстаноблысыҚызылжарауданыСоколовауылдық округі әкімінің аппараты"КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін...

    Жарияланды: