«2026-2028 жылдарға арналған Атанши ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімінің жобасына Түсіндірме жазба

    Атанши ауылдық округі әкімінің аппараты

    «2026-2028 жылдарға арналған Атанши ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23желтоқсандағы№ 488 шешіміне өзгерістер енгізу туралышешімінің жобасына

    Түсіндірме жазба

    Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет кодексінің 96-бабына сәйкес «2026-2028 жылдарға арналған Атанши ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 шешіміне өзгерістер енгізу жоспарлануда.

    КІРІСТЕР

    «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешімін іске асыру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі № 95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен 809,6 теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

    Сонымен қатар округ бюджетінің кіріс бөлігінде 206 109 салық жіктемесінен 152 мың теңге шегеріліп, 104 402 салық жіктемесіне бағытталуда.

    ШЫҒЫНДАР

    «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 461 шешімін іске асыру туралы» Арал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 213-қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Арал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 09 шілдедегі № 95-қ қаулысына сәйкес аудандық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттері есебінен 124009 «Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына Елді мекенді санитариялық қамтамасыз ету мақсатында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 809,6 теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

    Жүктеу
    f06e2aa0c9b7f2fbd040a6af0696213e_original.62454.docx
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу