ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    Жетісу облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің аппараты

    "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 081,70 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 786,27 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1173,59 млрд. теңге.

    ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 121,84млрд теңгені құрады.

    ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

    Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

    ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 шілдеде МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,32%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 7,87%, ҚРҰБ депозиттері – 3,71%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,57%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,07%, МҚҰ – 0,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,41%.

    Активтердің 38,37%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,00%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,00%.

    Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 114,54 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 91,69 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен - 127,62 млрд теңге, өзге кірістер – 3,33 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.

    2025 жылғы шілдеден бастап 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29%-ды құрады.

    2026 жылғы 1 шілдедегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 88,17%, ҚРҰБ депозиттері – 8,74%, РЕПО операциялары – 3,08%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,01%.

    ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 69,44 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,69 млрд теңге кіріс әкелді.

    2026 жылғы шілдеге дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 122,77 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 16,84%.

    ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

    Инвестициялық портфельді басқарушылар

    ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 121,84 млрд теңге.

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 19,32 млрд теңге.

    Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 31,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,80%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,42%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,19%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,24%, РЕПО – 4,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,28%, МҚҰ – 2,94%,.

    Атап кетейік, портфельдің 44,66% теңгемен, 54,48% АҚШ долларымен, 0,86% басқа валюталарда ұсынылған.

    Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,88%.

    "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

    01.07.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 15,53 млрд теңге.

    Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,58%, ҚР ЕДБ облигациялары – 20,35%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,72%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,00%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,12%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,55%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,42%.

    Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 67,76%-ын, АҚШ долларымен 32,24%-ын құрайды.

    Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,41%.

    "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

    01.07.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,95 млрд теңге болды.

    Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 26,64%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 17,64%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,45%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 10,39%, ҚРҰБ ноттары – 7,04%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 6,10%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 5,91%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,58%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 4,97%.

    Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,26%-на, АҚШ долларымен 36,74%-на тең.

    зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

    Жүктеу
    686551e33192c432f5bbfa77baf12b33_original.78023.docx
    DOCX · 76 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Ақпарат

    2014 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары үшін 11,15 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс алынды

    2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) бастап жинақталған ҚРҰБ тапқан таза инвестициялық табыс 11,15 трлн теңгеден асты. Оның салымшылардың (алушылард...

    Ақпарат

    Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін азаматтардың зейнетақы жинақтарымен не болмақ? Олардың сақталуына кепілдік беріле ме? Бұл кепілдік немен қамтамасыз етіледі?

    Әлеуметтік кодекстің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының н...

    Ақпарат

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,09 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 шілдесіне 28,09 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 4,08 трлн теңгенемесе 17,0%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейн...

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 333 809 өтініш орындалып, жалпы сомасы 62,71 миллион АҚШ долларына жуық қаража...

    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқар...