Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды

    ·

    Абай облысының тұрғындары ең жиі қандай қызметтерді алады: ХҚКО-ларда үздік үштік аталды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Абай облысы бойынша филиалында 2026 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер анықталды. Өтініштерді талдау нәтижесінде өңір тұрғындарының көбіне құжат рәсімдеу, көлік құралдарын тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды рәсімдеу қызметтеріне жүгінетіні белгілі болды.

    Өтініштер саны бойынша бірінші орынды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліктері мен паспорттарын беру қызметі иеленді. Абай облысының ХҚКО-ларында белгіленген жасқа толуына, дербес деректерінің өзгеруіне, құжаттарының жоғалуына немесе қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты құжаттарды рәсімдеу және ауыстыру бойынша шамамен 29 мың қызмет көрсетілді.

    Екінші орында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қызметі тұр. Бұл бағыт бойынша өңір тұрғындарына көлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуге қатысты 20 мыңнан астам қызмет көрсетілді.

    Үшінші орынды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметі иеленді. Бұл бағыт бойынша 16 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Азаматтар сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік және жылжымайтын мүлікке қатысты өзге де мәмілелер кезінде меншік құқығын тіркеу үшін жүгінеді.

    «Бұл қызметтерге деген жоғары сұраныс өңір тұрғындарының күнделікті мәселелерін шешу үшін мемлекеттік сервистерді белсенді пайдаланатынын көрсетеді. Біздің міндетіміз – өңірдің әрбір тұрғынына сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Мұрат Үмірзахов.

    Өткен жылмен салыстырғанда ең сұранысқа ие қызметтердің құрылымы айтарлықтай өзгерген жоқ. Облыс тұрғындары бұрынғыдай құжат рәсімдеу, көлік құралдарын және жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметтеріне жиі жүгінеді. Бұл аталған мемлекеттік қызметтерге деген тұрақты сұранысты көрсетеді.

    Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта қолжетімді болғанымен, ХҚКО-лар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің маңызды буыны болып қала береді. Олар азаматтарға қажетті қызметтерді, кеңес беруді және қолайлы форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

    Жүктеу
    Топ 3 услуг области Абай рус
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЗЖҚ: ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвест...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Анонс

    АНОНС Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізу туралы. «Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің аппараты» ММ «Сыбайлас жемқорлықт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    БЗЖҚ: Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тіркеу туралы хабарлама

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау нәтижелері

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Насихат материалдарын орналастыру орындары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    сайлаушылармен кездесу орындары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақпараттық хабарлама

    Жарияланды: