2026 жылдың 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне және жылдық жоспарға сәйкес 5 аудиторлық іс-шара және 2 сараптамалық-талдау іс-шара жүргізілді. Нәтижесінде 110 756,7 млн. теңге жалпы қаражат сомасымен 35 объект қамтылды.
Анықталған бұзушылықтар құрылымында қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, сондай-ақ тиімсіз жоспарлау фактілері басым. Бұдан басқа, аудит объектілерінде 228 бірлік процедуралық сипаттағы бұзушылықтар, 31 бірлік жүйелі кемшіліктер, 2 028,7 млн. теңге сомада ықтимал шығындар және жоғалған пайда, 26,9 млн. теңге сомада бюджеттің тікелей (жанама) шығындары анықталды.
38 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 2,3 млн. теңге сомасына 3 заңды тұлға, 9,3 млн. теңге сомасына 35 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жергілікті атқарушы органдар мен аудит объектілеріне 23 ұсыным мен 21 тапсырма жолданды.