Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының
ХАБАРЫ
САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕР НАЗАРЫНА!
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихаты төменде көрсетілген учаскелік сайлау комиссияларының (бұдан әрі - сайлау комиссиясы) құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына, жаңадан сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орындары:
№ 71 учаскелік сайлау комиссиясы - 2 мүше.
№ 87 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 91 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 94 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 98 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 99 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 103 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
№ 272 учаскелік сайлау комиссиясы - 1 мүше.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылдың 28 шілдеден бастап 2026 жылдың 11 тамызынадейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылдың11 тамызына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жаңаөзен қалалық мәслихаты
Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы – Ғ.Ұ. Байжанов.
Мәслихаттың орналасқан жері: Жаңаөзен қаласы, Сәтбаев көшесі 1, әкімдік ғимараты.
Жауапты адам - Айтбаев Ұлан Нұрғалиұлы, № 219 каб., қалааралық телефон коды (872934), қызметтік және ұялы телефондарының нөмірі: 77-091, 87071664086, электрондық пошта мекенжайы: [email protected].
Жаңаөзен қалалық мәслихаты