Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) ағашты таңбалау және оның қадағалануын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік реттеуді енгізу мәселесі бойынша реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне арналған қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 29 шілдеде сағат 15:00 өтеді.
Қатысушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық тыңдауларға ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта қатысу мүмкіндігі қарастырылған.
Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ қосылу сілтемесін алу үшін Комитеттің бас сарапшысы Саян Байкетаевқа хабарласуға болады.
Байланыс телефоны: 8 (777) 986 81 22.
Электрондық пошта: [email protected].
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аталған мәселені ашық әрі жария түрде талқылауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.