Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 20 мамыр 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне, Отырар ауданы әкімінің 13.04.2026 жылғы №54 өкімімен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына сәйкес жүргізілген.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2025 жыл 04.06.2026 жыл аралығына Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 Бұйрығымен бекітілген Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2025 жыл 04.06.2026 жыл кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
- персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
- мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
- мемлекеттік қызмет көрсету функциялары жоқ;
- мемлекеттік мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ;
- бақылау функциялары жоқ;
- бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
Мекемеде 6. бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуде заңсыздықтарды бұзу фактілері анықталған жоқ.
- жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
Мекемеде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуда заңсыздықтарды бұзу фактілері анықталған жоқ.
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 73-тармағында Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын жергілікті атқарушы органдар бекітедігі көзделген.
Ал, Мемлекеттік мекеменің «Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы» ережесінің 15-тармағының 13) тармақшасында «аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді», 26) тармақшасында «көшпелi сауданы арнайы белгiлеген орындарын жүзеге асырады» - деп көрсетілген.
Алайда Отырар ауданында 2024 жылдан бүгінгі таңға дейін Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары, көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар мен маршруттар айқындалмаған және туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізілмеген.
Бұл өз кезегінде ауданда, әсіресе аудан орталығындағы Стационарлық емес сауда объектілерінің заңсыз орналастыру жағдайы көбеюде және де ауданда кәсіпкерлік пен туризмнің жүйелі жүруіне залалы тиюде.
Ұсыныс: «Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын бекіту туралы», «Отырар ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне дүңгіршіктерді қоспағанда, автодүкендерде және (немесе) шатырларда павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу және бекіту туралы» және «Отырар ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің жобасын ұсыну және оны тіркетуді ұйымдастырсын.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 25 мамыр 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне, Отырар ауданы әкімінің 13.04.2026 жылғы №54 өкімімен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына сәйкес жүргізілген.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2025 жыл 26.06.2026 жыл аралығына Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, ҚР Әлеуметтік кодексіне, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 13.10.2023 жылғы № 6/41-VIII шешiмiне талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2025 жыл 26.06.2026 жыл кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
- персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
- мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
- мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бар;
Мемлекеттік мекеме 16 түрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Отырар аудандық мәслихатының 13.10.2023 жылғы № 6/41-VIII шешiмiне (бұдан әрі - Қағида) талдау жасалды.
Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасында әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін белгілеген.
Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасында Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет); Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, соларға теңестірілген адамдарға және еңбек ардагерлеріне санаторий-курорттық емделуге – бір рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетілетіндігін көрсеткен.
Алайда ішкі талдау жүргізу барысында санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметті Отырар ауданы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі көрсетіп келгені белгілі болды.
Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасындағы санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір реттік көрсетілетін әлеуметтік көмек екендігі жөніндегі мағына беріп тұр.
Алайда, 2025 жыл мен 01.06.2026 жыл аралығында санаторий-курорттық емделуге көрсетілген қызметті алушылардан мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын құжаттар жинақталмаған.
Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 12-тармағының талабы сақталынбаған.
Ұсыныс: Қағиданың 8-тармағының 1) тармақшасындағы санаторий-курорттық емделуге көрсетілетін қызметті жүзеге асыруды Қағиданың 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес «Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ауыстыруды және санаторий-курорттық емделуге көрсетілген қызметті алушылардан мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын дәлелді құжаттарын жинақтаумен жүргізуді.
- мемлекеттік мекемеде рұқсат беру функциялары бар:
Мемлекеттік мекеме 1 түрде мемлекеттік рұқсат беру қызметтерін көрсетеді;
- бақылау функциялары жоқ;
- бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
Мекемеде бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуді бұзу фактілері анықталған жоқ.
- жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
Мекемеде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуда заңсыздықтарды бұзу фактілері анықталған жоқ.
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Мемлекеттік мекемеде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша бұзушылықтар анықталмаған.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша
Шәуілдір ауылы 26 мамыр 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне, Отырар ауданы әкімінің 13.04.2026 жылғы №54 өкімімен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарына сәйкес жүргізілген.
Жұмыс тобының кестесіне сәйкес 2025 жыл 26.06.2026 жыл аралығына Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдау жұмыс тобымен құқықтық актілер, ішкі жергілікті актілер, өз қызметі барысында құрылымдық бөлімшелердің басшылыққа алатын ережелері зерттелді.
Мемлекеттік мекеменің Ережесін зерттеу барысында бөлімнің қызметін қозғайтын және олармен байланысты нормативтік-құқықтық актілерге атап айтқанда, ҚР Жер кодексі, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығы, «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2018 жылғы № 518 бұйрығына талдау жасалынды.
Мемлекеттік мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер және нормаларға талдау жасау нәтижелері бойынша анықталған жоқ.
Сонымен қатар, Мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне 2025 жыл 26.06.2026 жыл кезеңі үшін сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдаудан келесі бағыттар өткізілген:
- персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау:
Мемлекеттік мекеменің кадр тұрақсыздығы жоқ;
- мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:
Мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленген болуы, лауазымды тұлғалардың мемлекеттік сатып алулар, мүлікті, активтер және т.б. сатып алу немесе сату кезінде жақын туыстарының, жұбайыларының және жекжаттарының бірлескен қызметімен (жұмысымен) аффилирленген болуы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ;
- мемлекеттік қызмет көрсету функциялары:
Мемлекеттік мекемеде 3 мемлекеттік қызмет көрсету функциясы бар. Олар: Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту, Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау, Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы.
- мемлекеттік мекемеде рұқсат беру функциялары жоқ;
- бақылау функциялары жоқ;
- бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
Мекемеде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасуда заңсыздықтарды бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда 2025 жылғы Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) шарттары арнайы жұрналға тіркелмеген.
ҚР Жер кодексінің 33-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасының екінші бөлігінде «Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердегі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару жер пайдалану құқығы берілген кезден бастап бес жыл жалға алу мерзімі өткеннен кейін азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүзеге асырылады» - деп көрсетілген талабы бұзылған.
03.04.2025 жылғы №392 «Жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шарты» негізінде Отырар ауданының жер қатынастары бөлімімен Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлымен шарт түзілген.
Алайда Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлы өз иелігіндегі жер учаскесін Бексултанов Джаканшаға жер учаскесінің жалға уақытша жер пайдалану құқығын сатқан.
Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі Бексултанов Джаканшаға 07.04.2026 жылы №484 Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың ү) үлгілі шартын жасаған.
Яғни, Жанжігіт Бейбітхан Шарапханұлы өзінің иелігінде жер учаскесін пайдалануы бес жылға толмай, оны Бексултанов Джаканшаға сатқан. Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі жалға пайдалану мерзімі бес жылға толмаған жер учаскені келесі адамға жалға алу шартын жасаған.
- ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
Мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі жүргізілді. Зерттеу кезеңде жағымсыз материалдар анықталған жоқ.
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
Мемлекеттік мекемеде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша бұзушылықтар анықталды.
Мекемемен Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтар қабылданады. Аталған бұйрықтарды тіркеу журналы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.08.2023 жылғы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкестендірілмеген.
Ұсыныс: 01.09.2026 жылға дейін Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтарды тіркеу журналы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.08.2023 жылғы № 236 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкестендірсін.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобының құрамы
Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы |
___________________ |
аудан әкімінің орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі |
Мүшелері | ||
Касымбеков Есбол Тулегенович |
___________________ |
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы; |
Рахимов Руслан Туленбаевич |
___________________ |
аудан әкімі аппараты персоналды басқару жөніндегі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы; |
Кенжебеков Мағжан Рысбекұлы |
___________________ |
аудан әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау және құжаттандыру қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы; |
Әмірхан Асхат Тасболатұлы |
___________________ |
аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бас инспекторы – заңгер. |