«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін мемлекеттік қызмет көрсету, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Конкурсқа бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Анықтама телефон: 8 (7213) 93-91-99.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:
2026 жылғы 29 шілдеден бастап 4 тамыз аралығы