Хабарландыру
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес, 2027 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпаратты, жария талқылау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен жеке азаматтардың назарына ұсынады.
Сонымен бірге, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары бойынша ескертулер немесе ұсыныстар, 2026 жылғы 12 тамызға дейін басқарманың байланыс телефондары: 8-700-205-90-96, 8-701-409-84-37 және электрондық пошта: [email protected] арқылы қабылданатынын хабарлайды.
2026 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы
АҚПАРАТ
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы |
Жоспарланған қаржы көлемі (мың. теңге) |
Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
1. |
Азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ұйымдастырушылық әлеуетін нығайту, білім базасын кеңейту және олардың кәсіби біліктілігін арттыру |
19097,3 |
2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы |
Үкіметтік емес ұйымдар, олардың көшбасшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қатысатын белсенді азаматтар. |
Азаматтық қоғам институттарының ықпалы күшейеді, қоғамдық белсенділік пен азаматтарға қолдау күшейеді, тұрақты даму үшін әлеуетті кадрлар даярланады. |
2. |
Түркістан облысы ҮЕҰ-ның қызметін жүйелендіру |
15372, 81 |
2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы |
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен қызметкерлері, мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар |
ҮЕҰ әлеуеті артады, тәжірибе алмасады, ортақ ақпараттық алаң құрылады. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-мен өзара әрекеттесуі жеңілдейді. |
3. |
Түркістан облысы ардагерлерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру |
5296,00 |
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322 «Ардагерлер туралы» Заңына және 2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы сәйкес жүзеге асырылады. |
ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер және жастар мен жергілікті тұрғындар |
Ардагерлерге құрмет көрсетіледі, ұрпақтар сабақтастығы артады, патриоттық тәрбие беріледі және қоғамдық бірлік артады. |
4. |
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қызметті ұйымдастыру |
15200,00 |
ҚР Үкіметтінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 Ережесіне сәйкес, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Қожахметовтың 2022 жылғы 10 қарашада жолдаған №28-1-1/4504-И хатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру жоспары қызметін ұйымдастыру қажеттілігі көрсетілген. |
Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүнитаным және адалдық, ашықтық қағидаттары артады, адал бәсекелестік дамиды, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарас қалыптасады. |
5. |
Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету |
15713,94 |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары, 13-тармақ. |
Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтар, әлеуметтік осал топтар, қаржылық сауаттылығы төмен тұрғындар, жастар мен жас отбасылар |
Қаржы ұйымдарына қарызы бар адамдар саны азаяды, жеке қаржысын басқаруды үйренеді, қаржылық тәуекелдер азаяды. |
6. |
Түркістан облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың облыстық XIІI Азаматтық Форумын өткізу |
18716,00 |
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы №322 «Ардагерлер туралы» Заңына және 2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы сәйкес жүзеге асрылады. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы №05-21/598 хаты. |
1.Түркістан облысында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ); 2. Азаматтық қоғам институттарының өкілдері; 3. Волонтерлер мен қоғамдық бастамашыл топтар; 4.Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылға жауапты қызметкерлері; 5.Сарапшылар, қоғамдық кеңес мүшелері; 6.Белсенді жастар және жастар ұйымдарының өкілдері; 7.Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері; 8.Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын ұйымдар мен қауымдастықтар. |
1.ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік нығаяды, тұрақты диалог алаңы қалыптасады. 2.Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешуге арналған нақты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді. 3.Үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибе алмасуына, үздік тәжірибелерді таратуына және жаңа серіктестік байланыстар орнатуына мүмкіндік жасалады. 4.Азаматтық бастамаларды қолдау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру тетіктері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. 5.Форум қорытындысы бойынша қарар (резолюция) қабылданып, мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жолданады. 6.Форумның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, азаматтық қоғамның рөлі туралы халықтың хабардарлығы артады. 7.Үкіметтік емес ұйымдардың институционалдық әлеуетін дамытуға және өңірдегі азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал етіледі. |
7. |
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттар форумы және Мемлекеттік Ту көтеру рәсімін ұйымдастыру |
15516,5 |
1.Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңы; 2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу туралы» №1186 қаулысы; 3.Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің 22.09.2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 06-15/2482 хатымен жолданған тапсырмасы. |
Жастарға, мемлекеттік орган қызметкерлеріне, тұрғындарға. |
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және дұрыс қолдануды үйренеді. Мемлекеттік рәміздерді тұрмыстық және қоғамдық өмірде заңға сай пайдалану мәдениеті қалыптасады. |
8. |
«Ұлттық рух - басты құндылық» азаматтардың отансүйгіштік сезімін нығайтуға арналған іс-шаралар |
7986,00 |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 22041301582307-1-3 тапсырмасы |
Оқушылар мен жастар, жас әскери қызметшілер, әскери-патриоттық клуб мүшелері, аға буын өкілдері, ата-аналар мен отбасылар |
Патриоттық тәрбие, ұлттық тарих пен мәдениетті құрметтеу қалыптасады. Елді қорғауға дайындық рухы артады. |
9. |
Отбасы істері және гендерлік саясатты жүзеге асыру |
6058,00 |
Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлығы, 10-тармақ |
Әйелдер, отбасылар, әлеуметтік осал топтар, мемлекеттік қызметкерлер. |
Отбасылық құндылықтар насихатталады, гендерлік теңдікті түсіну деңгейі артады. |
10. |
Халықтың саяси мәдениетін көтеруге бағытталған тақырыптық іс-шаралар |
6400,00 |
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы |
Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер). |
Саяси сауаттылық пен саяси процесстерді дұрыс жеткізу мәдениеті қалыптасады |
11. |
Халық арасында медиация саласын танымал ету мақсатында «Медиация - татулықтың тірегі» форумы |
4728,00 |
2023 жылғы 3 қарашадағы «Медиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу жұмыс тобының» №1 хаттамалық тапсырмасы |
Жергілікті қауымдастық мүшелері, білім беру ұйымдарының өкілдері, кәсіпкерлер мен еңбек ұжымдары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар |
Дау-жанжалдарды шешу мәдениеті қалыптасады, медиация институты насихатталады, еңбек даулары мен қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу бойынша тәжірибе алмасады. |
12. |
Үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып тұрғындарды экологиялық мәдениетке, қоршаған ортаны құрметтеуді насихаттау |
8002,00 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысының 2021 жылғы 2 ақпандағы №3 хаттамалық тапсырмасы |
Жастар мен студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам өкілдері (ҮЕҰ, БАҚ, белсенділер), жергілікті тұрғындар |
Табиғатты қорғау құндылықтар, экологиялық сана мен жауапкерішілік артады. Тұрғылықты жердің табиғи ортасын қорғау ісіне белсенді қатысатын адамдар саны көбейеді. |
13. |
Түркістан облысы үкіметтік емес ұйымдарының тимбилдингі |
15720, 00 |
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығы |
Үкіметтік емес ұйымдар, олардың көшбасшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ азаматтық бастамаларға қатысатын белсенді азаматтар. |
ҮЕҰ өкілдерінің өзара байланысы күшейеді, тәжірибе алмасады, командалық жұмыс дағдылары дамиды, өңірлік деңгейде серіктестік артады. |
14. |
«Жалпыұлттық құндылықтар – ел дамуы» тақырыбында іс-шаралар өткізу |
10692,00 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасы, 4 тармақ |
Жастар, мемлекеттік қызметшілер, мұғалімдер мен тәрбиешілер, ата-аналар қауымы, азаматтық қоғам өкілдері, мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері. |
Ұлттық және отбасылық құндылықтар нығаяды, ұлттық және рухани құндылықтар насихатталады. |
15. |
«Ұранды ердің ұрпағы қайсар» патриоттық іс-шарасын өткізу |
4856,00 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасы, 35 тармақ |
Оқушылар, студенттер, жастар ұйымдарының өкілдері |
Елге, жерге деген сүйіспеншілік артады, ұрпақ бойындағы қайсарлық пен отансүйгіштік сезімі дамиды. |
16. |
«Қайырымды іс – жан азығы» акциясын өткізу |
5554, 5 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 маусымдағы №16-02/04-649//24-01-11.1 п. 2.2 тапсырмасы, 28-тармақ. |
Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттар, жалғызбасты зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар. |
Қайырымдылық, жанашырлық, әлеуметтік қолдау және ізгі істер артады. |
17. |
«Белсенді ҮЕҰ – белсенді қоғам»: Түркістан облысындағы үкіметтік емес ұйымдармен ақпараттық-танымдық жұмыстар жүргізу |
13370,00 |
2020 жылғы 27 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» №390 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №917 қаулысы |
Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам өкілдері |
Азаматтық бастамалар дамиды, ҮЕҰ-ға әдістемелік, құқықтық,ақпараттық қолдау көрсету деңгейі артады, билік пен ҮЕҰ арасындағы диалог күшейеді. |
18. |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне тарту |
5664,00 |
1.2005 жылғы 12 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" №36 Заңы 4-1-бабының 5) тармақшасы; 2.«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығы. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы туралы» №387 Жарлығы; 4. Түркістан облысы прокурорының орынбасары Ж.Нұрғалидың 2022 жылғы 18 қаңтардағы №2-12-22-00349 хаты. |
1.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар; 2.Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар. 3.Қайта әлеуметтендіру процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың өкілдері; 4.Пробация қызметкерлері; 5.Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары; 6.Психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер; 7.Жұмыс берушілер және кәсіпкерлер; 8.Үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлер; 9.Босатылған азаматтардың отбасы мүшелері (әлеуметтік бейімделуге қолдау көрсету мақсатында). |
1.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу бойынша кешенді қолдау көрсетіледі. 2.Қатысушылардың құқықтық сауаттылығы артып, мемлекеттік әлеуметтік қолдау тетіктеріне қолжетімділігі кеңейеді. 3. Мемлекеттік органдар, пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар және жұмыс берушілер арасында тиімді ынтымақтастық механизмі қалыптасады. 4.Қатысушылардың қоғамға бейімделу деңгейі артып, олардың әлеуметтік байланыстары қалпына келтіріледі және өмір сүру сапасы жақсарады. 5.Қайталама құқық бұзушылықтың (рецидивтің) алдын алуға ықпал етіліп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосылады. 6.Жоба аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, қоғамда бұрын сотталған азаматтарды қайта әлеуметтендіру мәселесіне қатысты оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етіледі. 7.Жоба қорытындысы бойынша қайта әлеуметтендіру бойынша практикалық ұсынымдар әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдар мен серіктес ұйымдарға ұсынылады. |