Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

    ·

    Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз бесінші сессиясы 2026 жылдың 30 шілде күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) сағат 11:00-де келесі күн тәртібімен өтеді:

    1.

    «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    2.

    Жамбыл облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санатының тізбесін айқындау туралы.

    3.

    Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы.

    4.

    «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2026 – 2029 жылдарға арналған Жамбыл облысының Өңірлік жоспарын бекіту туралы.

    5.

    Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы сәулет-қала құрылысы кеңесінің құрамын бекіту туралы.

    6.

    «Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2023 жылғы 5 қазандағы №7-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    7.

    «Жамбыл облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі №69 қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 4 сәуірдегі №15-8 шешіміне өзгерстер енгізу туралы.

    8.

    «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-11 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

    9.

    «Жамбыл облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы №22-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

    10.

    Жамбыл облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы.

    11.

    «Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2005 жылғы 11 ақпандағы №7-16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    * * *

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2 қабат) 2026 жылдың 30 шілдесінде сағат 09:30-да өтеді.

    * * *

    Депутаттарды тіркеу 2026 жылдың 30 шілде күні сағат 10:30-да басталады.

    Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, отыз бесінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.

    Облыстық мәслихат төрағасының м.а. Ф.Жунусова


    Жүктеу
    580f7fca4491ca7e8d301b4500f7ae2d_original.24738.docx
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу