2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық кадрларды резидентурада даярлауға мемлекеттік тапсырысын орналастыру үшін білім беру ұйымдары арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

    ·

    2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық кадрларды резидентурада даярлауға мемлекеттік тапсырысын орналастыру үшін білім беру ұйымдары арасында конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Конкурстың мәні: 2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен медициналық кадрларды резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысы.

    Конкурсты ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.

    Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 27 мен 31 шілде аралығында, сағат 8:00-ден 17:30-ге дейін.

    Конкурс туралы ақпарат:

    Конкурс «Резидентурада мемлекеттік тапсырысты орналастыру, оқуға қабылдау және медицина кадрларын даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 270/2020 (енгізілген өзгерістерді ескере отырып), «Денсаулық сақтау саласындағы жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды мақсатты даярлау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-19 бұйрықтарына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі-Ереже) (енгізілген өзгерістерді ескере отырып).

    Медициналық кадрларды резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысын орналастыру конкурсына, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғарғы оқу орындары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары 1 қосымшаға сәйкес қатысады.

    Медициналық кадрларды резидентурада даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының кеңсесіне жоғарыда көрсетілген тәртіппен қағаз форматында келесі құжаттарды жібереді:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтінімді;

    2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша сауалнама;

    3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша ақпараттық картаны;

    4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған резидентурада медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар;

    5) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша аккредиттелген резидентура базаларының болуы туралы ақпараттық карта.

    Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар бауланады, нөмірленеді, білім беру ұйымының бірінші басшысымен қол қойылып, мөрмен куәландырылады және жоғарыда көрсетілген тәртіппен Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының кеңсесіне қағаз және электронды түрінде ұсынылады.

    Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген уақыттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

    Комиссия конкурстық өтінімді өтінім берілген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қарайды, олардың білім берудің Бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректеріне сәйкестік талаптарына сәйкес келу дәрежесін айқындайды.

    Байланыс телефоны: 8/7232/710126.

    Жүктеу
    93bd5920fbdc9aa15be9ea982122385b_original.21677.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    988550235a9a286848fcde12743691ba_original.16734.docx
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу