Ауданның 2026 жылдың қаңтар-маусым айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштері туралы
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 268 749,9 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (218 345,1 млн.теңге) салыстырғанда 137,1%.
Нақты көлем индексі 120,0%.
тау кен өндіру өнеркәсібі 81 902,3 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (51 392,7 млн.теңге) 165,3 %
- өңдеу өнеркәсібі бойынша 186 806,6 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (166 864,7 млн.теңге) 127,6%.
Ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім қаржылай есеппен қаңтар-маусым айларына 6 580,9 млн.теңге, 2025 жылдың сәйкес мерзімінде (7 600,2 млн.теңге) .
Нақты көлем индексі – 94.4% .
\
-Аудан бойынша ет өндіру көлемі 3 636.6 тонна, 2025 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (3 710.7 тонна) 98.0 %, сүт өндіру 11 103.9 тонна немесе (11 164,7 тонна) 99,5%, тауық жұмыртқасы 476.2 мың дана өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (476.2 мың дана) 100,0% төмендеген.
Төмендеу себебі: өнімдердің азаю себебі жануарлардың басының кемуінен орын алып отыр.
2025 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мал басы бойынша қой-ешкі 139 551 бастан 147 301 басқа немесе 94,7% құрап отыр, құс саны 12 752 бастан 12 677 басқа немесе 100.6% , жылқы саны 54 531 бастан 53 353 басқа немесе 102,2% - өскен, ірі қара 68 694 бастан 74 083 басқа немесе 92,7% төмендеген.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 14 861,7 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (20 576,1 млн.теңге). Нақты көлем индексі - 47,8%.
Төмендеу себебі:
2025 жылы Достық-Мойынты бағытындағы теміржолдың екінші линияның құрылысы және Балқаш – Сарышаған бағытында 139 км, Балқаш-Ақсу-Аюлы (Бектау ата) бағытында 40 км автожол жөнделу -монтаждау жұмыстары жүргізілгендіктен өскен.
- ауыл шаруашылығы бойынша 20,3 млн теңге немесе жалпы көлемнен 0,4%;
- өнеркәсіп саласы бойынша 4076,8 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 86,7% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
- көлік және қоймалау бойынша 322,8 млн теңге немесе жалпы көлемнен 6,9%;
- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 279,9 млн.теңге немесе жалпы көлемнен 6% (машиналарды, жабдықтарды және көлік құралдарын сатып алуға кеткен шығындары);
Құрылыс.
Құрылыс жұмысарының көлемі - 9 670,4 млн тг., НКИ – 52,6%, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 11 715,8
Шағын және орта бизнес.
Белсенді жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 1502 субъект немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (1553 субъект) 96,7%.
Төмендеу себебі: жалпыға бірдей декларацияның енгізілуіне байланысты. Яғни, активтер мен міндеттемелер туралы декларация – 250.00 формасы тапсырылады, бұл талап жұмыс істемейтін және уақытша тоқтатылған кәсіпорындарға да қолданылады. Сондықтан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғысы келмейтін жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерліктер жабылуда.
Бөлшек сауда айналым көлемі 3 750,9 млн.теңге немесе немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (3 396,0 млн.теңге).
Нақты көлем индексі 100,3%.
Бөлшек сауда айналымы млн.тг.
Көтерме сауда айналым көлемі 16 143,9 млн.теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен (5 046,8 млн.теңге) Нақты көлем индексі 296,7%.
Іске қосылған тұрғын үйлер - 1252 кв.м..
Әлеуметтік сала
Есепті мерзімде ауданда жұмыссыздар саны 396 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (357 адам) 110,9%.
Жұмысқа орналастырылғандар саны 195 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (291 адам ) 67,0%.
Қоғамдық жұмыспен қамтылғандар саны 156 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (149 адам) 104,7%.
Кедейлік шегінен төмен аз қамтылған, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 46 адам , өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (25 адам) 184%.
Денсаулық саласы
1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 6,4 немесе 2025 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (8,0) .
1000 адамға шаққандағы өлім коэффициенті 1,5 немесе 2025 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (5,0) .
Білім саласы
Мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны (1 жастан 6 жасқа дейін) 610 адам өткен жылмен салыстырғанда (525 адам) 116,2%.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар саны 592 адам, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда (484 адам) 122,3%.
Оқушылар саны 2 732, компьютер паркі 1 171 компьютерді құрайды. 1 компьютерге 2,5 оқушыдан келеді .
Құқық қорғау саласы
Тіркелген қылмыстар саны 30 немесе өткен жылмен салыстырғанда (42 қылмыс) 71,4 % құрады.
Ауыр қылмыстан тіркелгені 11 жағыдай, 7 ауыр және 4 аса ауыр, өткен жылмен салыстырғанда (13 қылмыс).
Ауыр қылмытың ашылуы 100,0% (2025 жылы 87,5%).
Аса ауыр қылмыстың ашылуы 100.0 %,(2025 жылы 100,0%)