Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    ·

    Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ


    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді


    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің тізімін кеңейтіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде қызметтер қатарына жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу және тарату, сондай-ақ білім беру саласындағы жекелеген мемлекеттік қызметтер қосылады. Бұл азаматтарға дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға қайта бармай, оларды көрсетілген мекенжайдан қабылдауға мүмкіндік береді.
    Бүгінде 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша дайын құжаттарға тапсырыс беруге болады. Олардың қатарында мұрағаттық анықтамалар беру, баланың тууын және некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді қалпына келтіру және куәліктерді қайта беру, білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру, сондай-ақ ресми құжаттарға апостиль қою қызметтері бар.
    Құжаттарды жеткізу сервисіне тапсырысты мемлекеттік қызметті рәсімдеу кезінде беруге болады. Сервис ақылы негізде көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қалаларда, яғни Астана, Алматы және Шымкентте қызмет құны 2 061 теңгені, ал басқа өңірлерде 1 036 теңгені құрайды.
    Құжат дайын болған кезде қызмет алушының телефон нөміріне 1414 нөмірінен бірегей растау коды көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Қауіпсіздік мақсатында кодты курьерге құжатты алған сәтте хабарлау қажет. Код дайын құжаттың тікелей өтініш берушінің өзіне табысталғанын растау үшін қолданылады. Сонымен қатар құжатты алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет.
    Мемлекеттік корпорация үшін цифрлық сервистерді дамыту және мемлекеттік қызметтерді азаматтарға барынша қолайлы форматта ұсыну негізгі бағыттардың бірі. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтардың уақытын үнемдеуге, қызмет алу үдерісін жеңілдетуге және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи шешімдерді одан әрі енгізуді жалғастырады.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Хаттама №1. Үміткерлердің өтініштерін қарау және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша комиссия отырысы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ОСК-ға қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу туралы хабарлаған заңды тұлғалар туралы мәліметтер

    https://www.election.gov.kz/kaz/banners/index.php?section=pool_orgs&ID=10194

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Кербұлақ ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету, сайлау алдындағы үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу мәселелері бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінің шекаралары Кербұлақ ауданы

    Жарияланды: