Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл
ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 05 сәуірдегі №95 қаулысымен бекітілген
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне
келесі өзгеріс енгізілсін:
15-тармақтың 39) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«39) аудан аумағында пайдаланылатын (орнатылатын, орналастырылатын)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын ұлттық стандарттар талаптарының
сақталуына тексеру жүргізу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар
жасау және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 729-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарау».
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат,
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
белгіленген тәртіппен тіркеуші органға Ережеге енгізілген өзгеріс туралы
хабарласын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының
басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өзгеріс енгізу туралы қаулы
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ
Жүктеу
Постановление о внесении изменения
Постановление о внесении изменения
PDF · 534 КБ