Қазақстан Республикасының Ішікі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті төменде көрсетілген қатардағы және орта басшы құрам бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
Жедел уәкіл - 10 бірлік
Тергеуші – 1 бірлік
Анықтаушы- 4 бірлік
Қаржымен қамтамасыз ету басқарамасының инспекторы – 2 бірлік
Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы – 2 бірлік
Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы - 4 бірлік
Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы - 12 бірлік
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы - 20 бірлік
Учаскелік полиция инспекторы – 2 бірлік
Ғимараттарды күзету бөлімшесінің полицейі - 3 бірлік
Жүргізуші полицейі – 9 бірлік
Кеңсе технигі - 5 бірлік
Қару-жарақ қоймасының меңгерушісі әрі қару шебері – 1 бірлік.
Негізгі лауазымдық міндеттері: қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын-алу және ашу, тылмен қамтамасыз ету, техникалық қолдау көрсету.
Конкурс Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына бақылаушылар шақырылады.
Құжаттарды қабылдауды Астана қаласы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде.
Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:
- алғашқы оқыту және біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі;
- еңбекақы тұрақты және уақытылы төленеді, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық айлықақының мөлшері өсіп отырады;
- сауықтыруға арналған жәрдемақы төленеді және мансаптық өсу мүмкіндігі бар;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық көмек көрсетіледі;
- арнаулы атақтарға байланысты 48 жастан бастап зейнеткерлікке шығуға болады (ішкі істер органдарында кемінде үздіксіз 12 жыл 6 ай қызмет еткен жағдайда).
Қойылатын талаптар: жасы 35-тен аспауы, бойы кемінде 170 см., білімі орта (қатардағы құрам лауазымдарына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрам лауазымдарына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификатының бар болуы және денсауық жағдайы бойынша жарамды (әскери-дәрігерлік комиссия анықтайды) болуы тиіс.
Толық ақпаратты алу үшін 010000, Астана қаласы, Сейфуллина көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Астана қаласы Полиция департаментінің №216, 214, 213, 212 -кабинеттеріне немесе 8 (7172) 71-62-79, 8 (7172) 71-62-81, 8 (7172) 71-62-64, 8 (7172) 71-62-15, 8 (7172) 71-62-88, 8 (7172) 71-62-96, 8 (7172) 71-60-74, 8 (7172) 71-62-75, 8 (7172) 71-62-63, 8 (7172) 71-62-75, 8 (7172) 71-62-69, 8 (7172) 71-62-74 байланыс телефондарына хабарласуларыңызға болады.
Астана қаласы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы