«Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы
су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 326 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2907 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев
Жобаны ұсынушы:
Жамбыл облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы басшысының м.а. Б. Молдашев