Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2026 жылдыңІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
- қағаз түрінде– 42 қызмет түрі (43,8 %);
- электронды түрде– 3 қызмет (3,1 %);
- мемлекеттік корпорация арқылы– 51 қызмет (53,1%).
2026 жылдың І тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1789 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
- электронды түрде– 947 қызмет (52,93 %);
- қағаз түрінде– 127 қызмет (7,1 %);
- мемлекеттік корпорация арқылы–715қызмет (39,97 %).
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 42 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2813 мың халықты қамтыған 13 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2026 жылдың І тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан ЖАО-ның
1 қызметкерлері өтті.
2026 жылдың І тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген
ішкі бақылау мен ішкі байқау шаралары бойынша қысқаша есебі
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде 134 бұзушылық анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету 134 фактісі анықталды.
Ішкі байқау шаралары бойынша
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлерімен, есепті кезеңде 1 ішкі байқау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде бұзушылық анықталмады.