Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2026 жылдыңII тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
- қағаз түрінде– 42 қызмет түрі (43,8 %);
- электронды түрде– 3 қызмет (3,1 %);
- мемлекеттік корпорация арқылы– 51 қызмет (53,1%).
2026 жылдың ІI тоқсанында аудан бойынша ЖАО 2 072 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
- электронды түрде–1517 қызмет (73,22%);
- қағаз түрінде–59қызмет (2,85%);
- мемлекеттік корпорация арқылы–496қызмет (23,94%).
Есепті мерзімде ЖАО қызмет берушілері 64 қызметті көрсетуден дәлелді бас тартты. Аталған бас тартулардың негізгі себептері қызмет алушылардың құжаттар топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы.
2026 жылдың ІI тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2342 халықты қамтыған 10 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізді.
2026 жылдың IІ тоқсанында
көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасына жүргізілген
ішкі бақылау мен ішкі байқау шаралары бойынша қысқаша есебі
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ішкі байқау шаралары бойынша
Жуалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлерімен, есепті кезеңде 1 ішкі байқау жұмыстары қамтыды. (1 нысан).
Нәтижесінде бұзушылықтар анықталған жоқ.