Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметі бойынша талдау және мониторингтеу бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Түркістан облысының Әділет департаменті

    Түркістан облысының Әділет

    департаменті басшысының

    2026 жылғы 13 шілдедегі

    №714-н бұйрығына

    7-қосымша

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

    Түркістаноблысының Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметі бойынша талдау және мониторингтеу бөлімі туралы

    ЕРЕЖЕ

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті (бұдан әрі – Департамент) сот орындаушыларының қызметі бойынша талдау және мониторингтеу бөлімі (бұдан әрі - бөлім) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

    2.Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

    3.Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

    1. Бөлімнің құрамына кіретін құрылымдық бөлімше жоқ.

    2-тарау. Бөлімнің мақсаттары, құқықтары, міндеттері және функциялары

    1. Мақсаты:

    1) Атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

    2) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексіне сәйкес жүзеге асыру;

    3) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғауды жүзеге асыру;

    4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    1. Құқықтары мен міндеттері:

    Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан электрондық жеткізгіштердегі қажетті ақпаратты және материалдарды Қазақстан Республикасының заңамасында белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға;

    2) Өздерiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;

    3) Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексiнiң 56-бабында белгiленген тәртiппен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сондай-ақ қоғамдық немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып жүгiнуге;

    4)Заңда белгiленген жағдайлар мен тәртiп бойынша әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасап, iстердi қарауға, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;

    6) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетуге;

    7)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

    8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот орындаушылардың қызметін бақылауды және тексеру жүргізуді жүзеге асыруға;

    1. Функциялары:

    1) Министрлікке жолданатын ай сайынғы және тоқсан сайын ведомствалық есептерді жүргізу;

    2) Атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша Министрліктен келіп түсетін талдаулар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу;

    3) Прокурорлық ден қою актілерін қарау (таладау нәтижелеріне қатысты);

    4) Жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді және алуды жүргізу;

    5)Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған, Республикалық палата мүшелігінен шығарылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру немесе тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жоюды жүзеге асыру;

    6)«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету;

    7)Уәкілетті органдар арасында ай сайын және тоқсан сайын салыстыру актілерін жасау;

    8)Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде қозғалатын атқарушылық іс жүргізулер бойынша мәселелерді қарау, біріңғай байланыс орталығы арқылы кеңестер беру;

    9) Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АІЖО ААЖ) «Төрелік» АЖ арқылы келіп түскен атқару құжаттарын мемлекеттік сот орындаушылары арасында бөлуді жүргізу;

    10) Прокуратура тарапынан келіп түсетін хаттамаларды орындау;

    11) «Сот актілерін орындау жұмысы туралы» №4 нысанды статистикалық есептерінде орын алған кемшіліктер бойынша талдау жұмыстарын жүргізу;

    12) Сот орындаушыларының хаттары негізінде борышкерлердің бірыңғай тізілімінен борышкерді алып тастауды жүзеге асыру;

    13) Әділет министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарының атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша орындалуын қамтамасыз ету;

    14) Сот орындаушыларының орындалған атқару әрекеттерінің заңдылығын және іс жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру, атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету (ұйымдық, әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау, талдау);

    15) Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жасалатын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығын, жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

    16) Министрлікке жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату және айыру туралы ұсыным енгізу;

    17) Жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы тәртіптік комиссияға ұсыным енгізу;

    18) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асыру;

    19) Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысу;

    20) Өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердiң, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз ету;

    21) Департаменттің тексеру жоспарына, басшылықтың тапсырмаларына сәйкес барлық ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалдарының атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша қызметіне кешенді және тақырыптық тексеруді жүзеге асыру;

    22) Жасалатын атқарушылық іс-әрекеттердің заңдылығына және сот орындаушыларының іс жүргізу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

    23) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;

    3-тарау. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

    1. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттерді иеленеді.

    9.Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

    1. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
    2. Бөлім басшысы департамент басшысына бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
    3. Осы мақсатта бөлім басшысы:

    1) Өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

    2)Бөлімнің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, департамент басшысының тапсырмаларының сапалы және уақытылы орындалуын, орындаушылық және еңбек тәртіптерін сақталуын қамтамасыз етеді;

    3) Бөлім қызметкерлерін марапаттау мен жауапкершілікке тарту, сондай-ақ ауыстыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

    4) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де заңдар мен актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    13.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға құрылымдық бөлімшенің басшысы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметіне қатысты арыз-шағымдарды қарау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

    Түркістан облысының Әділет департаменті басшысының 2026 жылғы 13 шілдедегі №714-н бұйрығына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістаноблысының Әділет департаменті сот орындаушыларының қызметіне қа...