НҚА жобасымен Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына және 47-бабына сәйкес әзірленеді және Екібастұз қаласында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібін, түрлерін, мерзімдерін, сондай-ақ ақшалай сыйақының мөлшерін айқындалады.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.