Медициналық жабдық бойынша
ұсыныстарды жинау
туралы хабарландыру
«Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 бұйрығымен бекітілген Медициналық техниканың лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 5-тармағына сәйкес сатушылардан коммерциялық ұсыныстар жинау туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, Қағидалардың 6-тармағына сәйкес медициналық техникаға арналған коммерциялық ұсыныстарды 2026 жылғы 31 шілдеге дейін Басқарманың мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз, оған міндетті түрде техникалық ерекшелік қоса берілуі тиіс, онда медициналық техниканың атауы, моделі, шығарылған елі, өндірушісі, жиынтықталымы мен техникалық сипаттамалары, тіркеу куәлігінің нөмірі, құны туралы мәліметтер, сондай-ақ келесі жабдықтар бойынша презентациялық материалдар (слайдтар) қамтылуы қажет:
- Үш жұмыс орнына арналған рентгенографиялық қондырғы 1 бірлік мөлшерінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық аурухана» МКК үшін, мекенжайы: Астана қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 66;
- С-доғалы мобильді рентген 1 бірлік мөлшерінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 көпбейінді қалалық аурухана» МКК үшін, мекенжайы: Астана қаласы, Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 66.
- С-доғалы мобильді рентген 1 бірлік мөлшерінде Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық көпсапалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы» МКК үшін, мекенжайы: Астана қаласы, Алматы ауданы, А1 көшесі, 5 ғимарат.
Көрсетілген құжаттарсыз ұсынылған не белгіленген талаптарды бұза отырып ұсынылған коммерциялық ұсыныстар қарауға жатпайды.
Қатысуға ниет білдірген тұлғалар жоғарыда көрсетілген құжаттар топтамасын, қатысатын лотын және мекен-жайын, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайында орналасқан Басқарманың кеңсесіне ұсынуы қажет.
Ескертпе: сатып алу рәсіміне қатысуға арналған өтінімдерді дұрыс қарау мақсатында коммерциялық ұсыныста ҚҚС-ты ескере отырып соманы көрсету, сондай-ақ медициналық ұйымның атауы мен мекенжайын көрсету ұсынылады.