«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) еңбек, жұмыспен қамту және қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге,аудан әкімінің шешімдерін, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтықнысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәеілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды тарапы болуға құқығы бар.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Теректі ауданы әкімдігімен бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері : 091100, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі №16.
- Мемлекеттік органның толық атауы «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) , орыс тілінде – государственное учреждение (государственный орган) «Отдел занятости и социальных программ Теректинского района».
- Осы ереже «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, нысанасы мен мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, нысанасы мен мақсаты:
Аудан халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға жәрдемдесу, халықтың әлжуаз топтарын қорғау, халықты жұмыспен қамту.
- Міндеттері:
- Атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларына жәрдемақы және тұрғын үй көмегін тағайындау;
- Кедейшілікпен күресу жөніндегі мемлекеттік саясатқа белсенді қатынасу;
- Әлеуметтік экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік;
- Еңбекті қорғау және халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;
- мемлекеттің мүгедектерді қорғау саясатын қамтамасыз ету;
- әкімдік отырысына ауданның әлеуметтік саласына қатысты маңызды мәселелер жөніндегі материалдарды әзірлеу қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
- Функциялары:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету және түскен арыз шағымдарға жауап беру;
- Халықты жұмыспен қамту жөнінде, жұмыс берушілерді жұмысшылармен қамтамасыз ету жөнінде хабарландыру;
- Халықтың нысаналы топтарынан кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарына жолдау;
- Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмысқа жолдау;
- Халықты және жергілікті атқару органдарын еңбек нарығы туралы хабарландыру, жұмыс күші жөнінде зерттеу және болжам жасау;
- Нысаналы топтарға ақылы қоғамдық жұмыс арқылы уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру;
- Бос жұмыс орындар жәрмеңкелерін өткізуді ұйымдастыру;
- Еңбекке орналастыру, жұмыс орындарын ашу мәселелері жөнінде жұмыс берушілермен іс-әрекет жасау;
- Әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныс даярлау және оны жүзеге асыру, еңбек жанжалдарын шешуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарды анықтап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жұмыстар ұйымдастыру;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларына жәрдемақы және тұрғын үй көмегін көрсету;
- Мүгедек балаларды және мүгедектердің базалық мәліметтерін жинақтау;
- Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасын жүзеге асыру;
- Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну және үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмыстарын ұйымдастыру;
- Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
- Семей сынақ полигонында болған азаматтардың біржолғы компенсация алуына оңалту жұмыстарын жүргізу;
- Психоневрологиялық және қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне орналасуға мұқтаж азаматтарды,соның ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімі арқылы анықтау және оларды сол мекемелерге жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- Ортақ міндеттерді шешу барысында басқа да атқару және уәкілетті үкімет органдармен, кәсіпорындармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Құқықтары мен міндеттері:
- Жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша таныстыру және тиісті дәрежеде хат алмасу;
- Кәсіпорындар мен ұйымдардан белгіленген тәртіпте құжаттар, қорытындылар және бөлімге жүктелген қызметтерді іске асыруға қажетті басқа да материалды сұрату және алу;
- Белгіленген тәртіпте барлық меншіктік нысандардағы кәсіпорындар мен ұйымдардан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау туралы заңдарды, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құжаттарды тиісті орындалуын бақылау, бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша комиссиясының жұмысына қатысу;
- Еңбек қатынастары және халықты әлеуметтік қорғау туралы қолданылымдағы заңдар нормаларын бұзған басшы қызметкерлер мен лауазымды тұлғаларға тәртіптік және басқа да жаза қолдану немесе олардың қызметіне сәйкес еместігін айтып, органдарға ұсыныстар жіберу;
- Халықтың және заңды тұлғалардың арасында ақпаратты-түсініктемелік жұмыстарды өткізу, бөлім құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын және жеке жолдауларын белгіленген тәртіпте қарастыру, облыстың басқа аудандық басқармаларымен және бөлімдермен тәжірибе алмасу;
- Ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау туралы қолданылымдағы заңдарға қайшы келетін бұйрықтар мен нұсқауларына, басқа да нормативтік құжаттарын тоқтату туралы ұсыныстар енгізу;
- Аудандық бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша қадағалау, танысу және тексеру үшін меншік нысандарына және ведомоствалық бағыныштылығына қарамастан аудан кәсіпорындары мен ұйымдарына кедергісіз кіру;
- Еңбек жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыстарына әсер ететін қаржы – кредиттік, инвестициялық, салық әлеуметтік саясат саласында аудандық деңгейде шешу әзірліктеріне қатынасу;
- Белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама мәселелері бойынша конференция, семинар, кеңестер өткізуге;
- Методикалық әдістемелер, плакаттар және т.б. шығару;
- Заңнамада қарастырылған өкілеттіктер атқаруға.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларбасқармасымен келісім бойынша аудан әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының өкілеттігі:
1) «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мамандарының міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді, оларға бөлімнің қызметінің жекелеген саласын басқаруға жауапкершілікті жүктейді;
2) Заңнамаға сәйкес «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппараты қызметкерлерін, жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің меңгерушілері мен кеңесшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, оларды ынталандыруды жүзеге асырады;
3) «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте жаза қолданады;
4) «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
5) өз құзыреті шегінде штаттық кестені бекітеді;
6) барлық мекеме, органдарда және өзге ұйымдарда бөлім атынан әрекет етеді;
7) «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс кестесін, келешектегі және ағымдағы жоспарын белгілейді;
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады;
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен неліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату
- «Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.