«Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

    ·

    «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты»

    мемлекеттік мекемесі туралы

    Е Р Е Ж Е

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімінің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    2. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    3. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
    4. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
    5. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    6. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын аудан әкімдігі бекітеді.
    7. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 091108, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Долин ауылы, М.Әуезов көшесі 43.
    8. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін аудан әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
    9. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    10. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

    2-тарау. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңнегізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

    1. Міндеттер:

    Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

    1. Функциялар:

    1) «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:

    жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

    бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

    жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округ әкімімен мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

    ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

    жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

    ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

    жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

    ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

    мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдық округтің меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

    мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

    жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

    жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі тиісті уәкілетті органға Жер Кодекстің 93-бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат береді;

    жұмылдыру дайындығы, аумақтық, азаматтық қорғаныс саласындағы, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астананың әкімдіктеріне қызметтің тиісті салаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

    азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу және азаматтарды әскери есепке және шақыру жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шақыру жүргізетін тіркеу және шақыру комиссияларын қалыптастыру;

    жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша қызметтік хат алмасулар жүргізу;

    жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ басқару органдары өкілдерінің қатысуымен жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

    өз құзыреті шегінде аумақты жедел жабдықтауды және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысу;

    жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, қорғаныс және әскери қауіпсіздік, аумақтық және азаматтық қорғаныс саласында, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алуды ұйымдастыру, әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

    жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс жөніндегі, сондай-ақ азаматтарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

    жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдемдесу;

    әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында жұмылдыру даярлығы бойынша жаттығулар мен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу;

    аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен саны мен құрылымы шегінде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

    көлік құралдарымен, ақпараттың, телекоммуникацияның және байланыстың техникалық құралдарымен, жиһазбен және казармалық мүккәмалмен қамтамасыз ету, оларды күтіп ұстауды, қызмет көрсетуді және жөндеуді, жанар-жағармай материалдарын, кеңсе тауарларын сатып алуды, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге, электр энергиясына, жылыту мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығындарды қоса алғанда, материалдық-техникалық құралдардың қорларын құру, аумақтық әскерлерді арнайы өрістетуді жүргізу кезінде соғыс уақытының штаттық қажеттілігі нормаларына сәйкес аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің әскери міндеттілерімен жиындар өткізу;

    қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз ету;

    тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерді жұмылдыру дайындығы мақсатында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге арналған ұйымдармен шарттардың (келісімшарттардың) есебін және талдауын жүргізу;

    жұмылдыру, әскери жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды уақытылы хабардар ету мен жеткізуді, сондай-ақ облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) коммуналдық меншікте тұрған техниканы қорғаныс мұқтаждары үшін жинау пункттеріне, әскери бөлімдерге және арнайы мемлекеттік органдарға жеткізу мен тапсыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;

    жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимыл тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде жұмысты үйлестіру;

    құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру жоспарын әзірлеу және бекіту;

    әкімшілік-аумақтық бірліктердің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу;

    әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмылдыру дайындығының кезекті жылға арналған іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен келісу бойынша ауданның және облыстық маңызы бар қаланың аумақтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу және бекіту;

    жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты кезеңінде Қазақстан Республикасына әскери қатерлер өскен кезде әкімдіктің іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

    мемлекеттік органдармен бірлесіп әкімшілік-аумақтық бірліктердің экономикасын жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындау жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

    Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға жұмылдыру жариялауға арналған жергілікті атқарушы органдардың арнаулы құрылымдарын және техникасын дайындауды ұйымдастыру;

    жұмылдыру тапсырыстары бар мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының қорларын құру, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі ұсыныстарын қалыптастыру;

    жұмылдыру дайындығын, аумақтық және азаматтық қорғанысты ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды әскери есепке алу және әскери қызметке және әскери жиындарға шақыру мәселелері бойынша өткізілетін іс-шараларға қатысу;

    азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және әзірлікте ұстау бойынша қажетті шаралардың көлемін айқындау және қабылдау;

    мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемін әзірлеуге қатысу;

    ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттардың жобаларын дайындау, жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың банкроттық, қайта ұйымдастыру, тарату, жұмыс бейінін өзгерту кезінде жұмылдыру тапсырыстарын алу және беру туралы жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

    жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысу;

    әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери-көліктік міндет бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

    2) «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

    өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

    егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

    шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

    аудан әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

    мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

    мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

    жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

    Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:

    мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

    мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

    мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

    шарттар, келісімдер жасасуға;

    Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

    1. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

    қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

    Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

    қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

    3-тарау. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңқызметін ұйымдастыру

    1. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.
    2. Әкімнің өкілеттіктері:

    әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

    жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

    мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

    аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

    аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

    мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

    өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауапты;

    Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
    2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
    3. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

    4-тарау. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңмүлкі

    1. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
    2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

    5-тарау.«Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату

    1. «Долин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
    Жүктеу
    3bcc87b01aab561d981651510ef4d88d_original.31287.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

    Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, 2026 жыл...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Теректі ауданындағы «Тоқсай» керамзит сазды кен орнының бір бөлігін игеруге арналған Тау-кен жұмыстарының жоспары» ықтимал әсер ету туралы есебі

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 шілде 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 маусым 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 сәуір 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 наурыз 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 ақпан 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Бюджет қаражатының атқарылуы туралы мәлімет

    Аудан бюджетінің атқарылуы жайында есеп 1 қаңтар 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды: