ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Арайлы»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің бос тұрған меңгерушісі лауазымына конкурс жариялайды.

    ·

    Мекеменің атауы: « Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданы білім бөлімінің «Арайлы» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесі.

    Орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылы, Қ.Қабатаев көшесі, 25

    Басшының лауазымдық міндеттері:

    нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

    педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

    педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

    тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

    ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

    ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

    ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

    тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

    әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

    тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

    мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

    оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

    жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

    педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

    педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

    ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

    Білуге міндетті:

    Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

    педагогика және психология, әлеуметтану негіздері;

    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

    "Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20619 болып тіркелген) сәйкес педагогикалық этиканың нормалары (бұдан әрі – педагогикалық этиканың нормалары);

    "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес санитариялық ережелер мен нормалар;

    компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технология;

    экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

    еңбек заңнамасының негіздері;

    ішкі еңбек тәртібі, еңбекті қорғауды, еңбек қауіпсіздігін және өртке қарсы қорғау қағидалары.

    Біліктілікке қойылатын талаптар:

    жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл;

    немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

    осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

    арнайы мектепке дейінгі ұйымның басшысы (меңгерушісі) үшін біліктілікке қойылатын талаптар:

    "Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

    және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

    Лауазымдық жалақының мөлшері: еңбек өтіліне байланысты 210000 тенгеден бастап.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

    10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQRESMITEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

    11) түйіндеме;

    12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

    Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардыхабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 22.07.2026жыл--30.07.2026 жыл.Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, №407 каб, тел.:43-88-20,[email protected] құжаттарды ұсынуы тиіс.

    Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 05.08.2026 жыл, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.

    Жүктеу
    2e1be2cdc1e34cdb6b0aa4e70f527627_original.31446.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 17 Жамбыл колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 17 Жамбыл колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Тараз сервис және технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос тұрған лауазымына конкурс жариялайды

    Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Тараз сервис және технология колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның атауы: Жамбыл облысы әкімдігінің...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

    «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры (1 бірлік) бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның ат...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» меңгерушісінің бос тұрған лауазымына ашық конкурс жариялау туралы

    Кәсіпорынның атауы::Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласының білім бөлімінің №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекеме меңгерушісі (1 бірлік) лауазымына конкурс жа...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалыауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» меңгерушісінің бос тұрған лауазымына ашық конкурс жариялау туралы

    Кәсіпорынның атауы::Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Жуалы ауданының білім бөлімінің психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекеме меңгерушісі (1 бірлік) лауазымына конкурс жария...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер орталығы №2» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды

    Мекеменің атауы:«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің балалар мен жасөспірімдер орталығы №2» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны. Орналасқан мекен-жайы:Жамбыл облысы, Шу ауданы,...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды

    Мекеменің атауы:Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Қарасу көшесі,2...

    Жарияланды:
    Құжат

    ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Әбілахат Еспаев атындағы балалар саз мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды

    Мекеменің атауы:Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Әбілахат Еспаев атындағы балалар саз мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан мекен-жайы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төл...

    Жарияланды: