Ертіс ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
Ертіс ауданы әкімі аппараты «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі функционалдық бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- Бюджеттік жоспарлау
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz., интернет - порталында тіркелуі және [email protected] электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері: 2026 жылғы 22-27 шілде аралығында.