Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13418 болып тіркелген) «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес (бұдан әрі – Қағида) Жамбыл облысының әкімдігі жергілікті қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.
Конкурс ұйымдастырушысы: « Жамбыл облысы әкімдігінің білім
басқармасы».
Құжаттарды жолдау мерзімі: 2 - 8 шілде, 2026 жыл
Конкурс өтетін уақыты: 9 -10 шілде, 2026 жыл
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының қосымшасына сәйкес жолдануы тиіс.
Құжаттар жолданатын мекен-жай:
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35, 303-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7262) 438814
Электронды почта: [email protected]
2026-2027 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
|
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы |
2026-2027 оқу жылына мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының көлемі (орын саны) |
2026-2027 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы |
||||
1 |
6В10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету |
6В101 Денсаулық сақтау |
В086 Жалпы медицина |
15 |
2 |
6В01 Педагогикалық ғылымдар |
В001 Педагогика және психология |
B001 Педагогика және психология |
5 |
3 |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
B027 Театр өнері |
5 |
4 |
6В11 Қызметтер |
6В112 Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау |
В202 Қоршаған ортаны инженерлік қорғау |
5 |
2026-2027 оқу жылына жоғары орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы |
||||
|
1 |
7R09 Денсаулық сақтау |
Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
6 |
|
2 |
Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
3 |
||
3 |
Анестезиология және реаниматология (балалар) |
1 |
||
4 |
Ангиохирургия (ересектер, балалар) |
2 |
||
5 |
Балалар хирургиясы |
1 |
||
6 |
Гастроэнтерология (ересектер, балалар) |
1 |
||
7 |
Жалпы хирургия |
1 |
||
8 |
Инфекциялық аурулар (ересектер, балалар) |
1 |
||
9 |
Инфекциялық аурулар (балалар) |
1 |
||
10 |
Кардиология (ересектер, балалар) |
1 |
||
11 |
Кардиология (балалар) |
1 |
||
12 |
Клиникалық зертханалық диагностика |
2 |
||
13 |
Клиникалық фармакология |
4 |
||
14 |
Медициналық генетика |
1 |
||
15 |
Неврология (ересектер, балалар) |
1 |
||
16 |
Неонатология |
2 |
||
17 |
Нефрология (ересектер, балалар) |
1 |
||
18 |
Онкология (ересектер) |
2 |
||
19 |
Радиациялық онкология |
1 |
||
20 |
Химиотерапиялық онкология |
1 |
||
21 |
Патологиялық анатомия |
1 |
||
22 |
Педиатрия |
3 |
||
23 |
Психиатрия (ересектер, балалар) |
3 |
||
24 |
Пульмонология (ересектер, балалар) |
2 |
||
25 |
Радиология |
4 |
||
26 |
Ревматология (ересектер, балалар) |
1 |
||
27 |
Терапия |
1 |
||
28 |
Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар) |
1 |
||
29 |
Фтизиатрия (ересектер, балалар) |
1 |
||
30 |
Кезек күттірмейтін медицина (ересектер, балалар) |
2 |
||
31 |
Эндокринология (ересектер, балалар) |
2 |
||
Барлығы |
85 |
|||
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленеді, ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен қағаз және электрондық форматта ұсынылады.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Ескертпе:
1) екі жыл ішінде ол бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылмаған, жоғары білімнің білім беру бағдарламасының өтінім берілген тобы конкурсқа жіберілмейді;
2) шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректерді ұсынылған ЖЖОКБҰ комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді.