«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

    ·

    «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің

    ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына

    өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 70 қаулысына келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Мақсаттары:

    мынадай салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру:

    1) мәдениет, сондай-ақ халықаралық мәдени байланыстар;

    2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану;

    3) кинематография;

    4) мемлекеттік рәміздер;

    5) архив ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету;

    6) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер, оның ішінде таратылуы шектелген қызметтік ақпарат және онымен жұмыс істеу;

    7) ономастика;

    8) креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру;

    9) ақпарат;

    10) ақпаратқа қол жеткізу;

    11) балаларды олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау;

    12) телерадио хабарларын тарату;

    13) бұқаралық ақпарат құралдары;

    14) онлайн-платформалар және онлайн-жарнама;

    15) діни қызмет;

    16) мемлекеттік жастар және отбасы саясаты;

    17) қоғамдық сананы жаңғырту;

    18) қайырымдылық;

    19) волонтерлік қызмет;

    20) медиация;

    21) ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету;

    22) мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, қамтамасыз ету;

    23) мемлекеттің, азаматтық қоғамның және қоғамдық кеңестердің өзара іс-қимылы;

    24) өз құзыреті шегінде Бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.»;

    15-тармақтың 13), 14), 15), 16), 17) тармақшалары жойылсын:

    15-тармақтың 44), 45), 61) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

    «44) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларын жасайды (75, 418 (1-1-бөлігінде), 456-3-баптар) және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қарайды, Кодекстің 75-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

    45) театр, музыка өнері және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызметі саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді;

    61) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады;»;

    15 -тармақ мынадай мазмұндағы 62) тармақшамен толықтырылсын:

    «62) Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы аумағында пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асырады.».

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тіркеуші органды заңнамада белгіленген тәртіппен өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы хабардар етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Мамлют ауданының әкімі

    Е. Степаненко

    Жүктеу
    ПОСТАНОВЛЕНИЕ
    ПОСТАНОВЛЕНИЕ
    DOCX · 199 КБ
    Жүктеу
    Пояснительная записка к проекту
    Пояснительная записка к проекту
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА
    СРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА
    DOCX · 52 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    КЕЗДЕСУЛЕР КЕСТЕСІ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты...

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы жобасын жария талқылау туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуна...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мамлют ауданы бойынша кандидаттардың кездесу өткізетін орындар тізбесі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Солтүстік Қазақстан облысы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    Жарияланды:
    Хаттама

    Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының Х А Т Т А М А С Ы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат

    2026 жылғы 3 тоқсандағы жағдай бойынша бос жер учаскелерінің қолжетімділігі туралы ақпарат

    Жарияланды: