2026-2030 жылдарға арналған Ақсу қаласының даму жоспары

    ·

    Ақсу қалалық мәслихатының

    2026 жылғы 03 шілдедегі

    № 283/50 шешіміне

    қосымша

    Ақсу қалалық мәслихатының

    2025 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 254/44 шешіміне

    қосымша

    2026-2030 жылдарға арналған

    Ақсу қаласының даму жоспары
    Мазмұны

    1.

    Паспорт

    4-7

    2.

    Аумақты дамыту пайымы

    8

    3.

    Ағымдағы жағдайды талдау

    Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы

    Бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктер

    8-14

    4.

    Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар,

    тапсырмалар, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар

    1-бағыт: Экономиканың мықты фундаменті

    2- бағыт: Өсудің жаңа нүктелері

    15-22

    15

    15

    3-бағыт: Өмірдің жоғары сапасы

    15-19

    4-бағыт: Экономиканың және қоғамның түпкілікті өзгерістері

    5-бағыт: Жоспарлаудың өзге де құжаттарын, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді іске асыру және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету

    19-21

    21-22

    Паспорт

    Өңірдің атауы

    Павлодар облысы, Ақсу қаласы

    Аймақтың негізгі сипаттамалары

    Қала аумағы - 8,0 мың шаршы км, бұл облыс аумағының 6,5% құрайды, облыс орталығынан 50 км жерде Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. 1961 жылы құрылған.

    Солтүстігінде Ақтоғаймен, оңтүстігінде Баянауыл, Май, Аққулы, шығысында Павлодар аудандарымен, батысында Екібастұз қаласынан 134 км қашықтықта Екібастұз қаласының ауылдық аймағымен шектеседі.

    Ақсу өңірінің аумағында республикалық маңызы бар үш трасса өтеді: «Павлодар-Қызылорда», «Ленин кенті-Ақсу қаласы-Көктөбе-үлкен Ақжар», «Ленин кенті - Ертіс-Русская Поляна». «Семей - Нұрлы Жол», «Өскемен - Нұрлы Жол», «Ақсу-Дегелен» теміржол бағыттары жұмыс істейді.

    2025 жылғы 1 қаңтарда өңірде 72,4 мың адам немесе облыс халқының жалпы санының 9,6%-ы тұрады, халық тығыздығы – 1 км2-ге 9.05 адам.

    Қала экономикасының өнеркәсіптік мамандануы урбанизацияның жоғары деңгейін анықтады: қала халқының үштен екісінен астамын құрайды, қала облыс бойынша 3-ші орында.

    Қала құрамына 6 ауылдық округ, 31 ауылдық елді мекен кіреді.

    Ақсу қаласында 72,4 мың адам тұрады.

    Ақсу қаласының экономикалық мамандануы индустриалды сипатқа ие және ұзақ мерзімді перспективада даму әлеуеті жоғары.

    Мұнда облыстың өнеркәсіптік өндірісінің шамамен 21% - ы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 9,2% - ы шоғырланған.

    Жалпы жер қоры – 735,4 мың га, оның ішінде: ауыл шаруашылығы алқаптары – 438,6 мың га; оның ішінде егістік жерлер-82,0 мың га.

    Ақсу өңірі арқылы Ертіс өзені өтеді, ол Май ауданының шекарасынан басталады және Ақтоғай ауданының шекарасына дейін және Қ. Сәтбаев атындағы арна, ол Беловка кентінен басталады Екібастұз ауданының шекарасына дейін, сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін суармалы жерлерді одан әрі ұлғайту резерві бар.

    Бағыттар, негізгі түйінді ұлттық индикаторлар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері

    1 бағыт: Экономиканың мықты фундаменті

    НҰИ 3

    Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=99

    2 бағыт: Өсудің жаңа нүктелері

    НҰИ 26

    Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін ішкі туристер саны

    НҰИ 27

    Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін келуші туристер саны

    3 бағыт: Өмір сүрудің жоғары сапасы

    НҰИ 6

    Халықтың туған кездегі өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы

    НИ 2 Стандартталған өлім-жітім коэффициентінің төмендеуі

    1-тапсырма. Өлім-жітімнің негізгі түрлерінің себептерін азайту

    Нәтиже көрсеткіштері

    1.4. 100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітім

    НҰИ 11

    Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі

    Мақсат. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту

    НИ Жұмыссыздық деңгейі

    1-міндет. 3,3 млн астам азаматты жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар – 2,3 млн адамнан кем емес

    Нәтиже көрсеткіштері

    1.1 Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны, соның ішінде жастар

    НҰИ 12

    Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, қала

    НҰИ 13

    Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, ауыл

    Мақсат. Павлодар облысының елді мекендерінің типіне (қаласына, ауылына) және мөлшеріне (халық санына) байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз ету

    НИ Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі

    Тапсырма. Ауыл және қала тұрғындары үшін қолайлы орта құру

    Нәтиже көрсеткіштері

    3.1 Мәдениет объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етудің өсуі

    4.1 Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санын жалпы халықтың 50% - на дейін жеткізу

    5.1. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін ұлғайту

    6.1 Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету

    6.2 Электр желілерінің тозуын азайту

    6.3 Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

    6.4 Жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту және тозуын төмендету

    8.1 Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету

    НҰИ 14

    ТМС реттейтін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу деңгейі

    НҰИ15

    Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі

    Мақсат. Орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және молықтыру

    НИ Халықты қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету

    4-бағыт: Экономиканың және қоғамның түпкілікті өзгерістері

    НҰИ30

    Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), ЖІӨ-нен %

    НҰИ 31

    НКИ жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %

    НҰИ 33

    Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны, млрд. АҚШ долл.

    НҰИ 34

    Парниктік газдар шығарындыларының шекті көлемі, % (1990 жылғы деңгейге)

    НИ

    Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі

    5-бағыт: Жоспарлаудың, мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзге де құжаттарын іске асыру

    1-мақсат: Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету

    НИ

    Азаматтық қорғау органдарын авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру деңгейі

    4-мақсат: Орнықты даму мақсаттарын іске асыру

    НИ Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі (Ақсу қ.а.а.)

    НИ

    Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Қажетті ресурстар

    Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты

    Қаржыландыру көлемі: Алдын ала есептеулер бойынша қаланың Даму жоспарын іске асыруға 110,1 млрд. теңге, оның ішінде жылдар бойынша бағыттау жоспарлануда:

    2026 жыл – 35,9 млрд. теңге;

    2027 жыл – 39,8 млрд. теңге;

    2028 жыл – 31,6 млрд. теңге;

    2029 жыл – 1,2 млрд. теңге;

    2030 жыл – 1,6 млрд. теңге.

    * Қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың сомалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілуі мен нақтылануы ескеріле отырып түзетілетін болады

    *- сомалар түзетілетін болады

    1. Аумақты дамытудың көзқарасы менболашағы

    Экономиканы әртараптандыруға негізделген қаланың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуы өңірдің бәсекелестік артықшылықтарын іске асыруды және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

    2030 жылға қарай қала өнеркәсібі жаңа өндірістерді дамыту есебінен әртараптандырылатын болады. 2026-2030 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемінің орташа жылдық өсуі 100,9% деңгейінде болжанады.

    Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігі өндірісті жаңғырту және агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, ресурстарды ұтымды пайдалану, мемлекеттік қолдау шаралары есебінен арттырылатын болады. Бұл өз кезегінде аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Ауыл шаруашылығы саласында 2022-2024 жылдар кезеңінде құны 21,0 млрд. теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба іске асырылды.

    Өңірдің табиғи-климаттық және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сүтті және етті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын және табын жылқы шаруашылығын дамыту үшін әлеует бар, ол үшін кең жайылымдық жерлер, Ертіс өзенінің жайылмасы (30 мың га) бар, сондай-ақ суармалы жерлерде жемшөп дақылдарын өсіру мүмкіндігі бар.

    Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға ҚТҚ жинауға арналған еуроконтейнерлер орнату және көгалдандыру сияқты қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған шаралар кешені арқылы қол жеткізілетін болады.

    Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны қаржылық қолдаудың өсуімен ұлғаяды, бұл қала экономикасын әртараптандыруға, тиісінше жаңа бизнес-сегменттердің пайда болуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, ауылдық елді мекендерде жұмыспен қамтуды арттыруға ықпал етеді.

    2030 жылға қарай елді мекендерді Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін қалаларда – 95,5% – ға, ауылдарда-67,5% - ға дейін жеткізу жоспарлануда.

    2026-2030 жылдары қала бойынша өндірістерді енгізу және кеңейту, жобаларды іске асыру, шағын және орта бизнесті дамыту есебінен 9,0 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.

    Жыл сайын жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 2,0 мыңға жуық адам қамтылатын болады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% - дан аспайды. Лайықты еңбекті ілгерілету және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі шараларды іске асыру қамтамасыз етілетін болады.

    1. Ағымдағы жағдайды талдау.

    Ақсу - Павлодар облысының заманауй, таза және жайлы моноқаласы.

    Өнеркәсіп жұмыс істейтін халықтың 25%-ы жұмыс істейтін қала экономикасының негізі болып табылады.

    Облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі қаланың үлесі 20,8% құрайды (2022 жылы-24,5%).

    Өнеркәсіп құрылымында өңдеу секторы ең көп үлес салмағын алады-87,7% (2022 ж. – 89,8%; 2023 ж. – 85%). Өңдеу өнеркәсібінің жетекші салалары: металлургия өндірісі (99,6%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру (0,08%) машина жасау (0,02%) және тамақ өнімдерін өндіру (0,03%).

    Өнеркәсіптік өндіріс көлемінде 2022 жылы 792,1-ден 2024 жылы 729,6 млрд. теңгеге дейін төмендеу байқалады. Бұл ретте қарқынның 2022 жылғы 100,0% - дан 2024 жылы 115,8% - ға дейін өсуі байқалады.

    Негізгі тежеу үрдісі электр энергиясын өндіру болып табылады. 2022-2024 жылдары нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ): 2022 жылы – 96,1%, 2023 жылы – 99,5%, 2024 жылы - 97,3% құрады.

    Электр энергиясын өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері «ЕЭК» АҚ энергия блоктарының жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен байланысты.

    Бұдан басқа, тау-кен өнеркәсібінде НКИ-нің 2022 жылы 115,5% - дан 2024 жылы 94,7% - ға дейін төмендеуі байқалады, бұл ірі нысандар құрылысының аяқталуына байланысты хром концентратын өндіру, сондай-ақ құм өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты.

    Негізгі капиталға инвестициялардың облыстық көлемінің 10,6% Ақсу қаласына тиесілі. 2022-2024 жылдар кезеңінде экономикаға шамамен 310,0 млрд. теңге инвестиция тартылды. Қаржыландыру көздерінің құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражаты басым, 2024 жылы меншікті қаражаттың үлесі 79,8% құрады.

    Салалық құрылымда өңдеу өнеркәсібіне – инвестициялардың 32,8%, электр энергетикасына – 34,9%, тау – кен өнеркәсібіне - 0,3% келеді.

    2022-2024 жылдары өңірде шағын және орта кәсіпкерлік саласында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды:

    2022 жылы Алғабас а/о Қарабай а. «КазАзияИнвест» ЖШС көпфункционалды кешенінің құрылысы (370,0 млн.теңге); «DAАBGROUP» ЖШС спорт кешенінің құрылысы (200,0 млн. теңге); «Базис-PVL» ЖШС бетонды ерітінді тораптары үшін өндірістік базаның құрылысы (200 млн. теңге).

    2023 жылы Сауда орталығының құрылысы, Д.М. Қасенов ЖК (50,0 млн.теңге); медициналық орталықтың құрылысы, А.М. Нұрсалимова ЖК (дәріхана, арнайы мамандардың кабинеттері, 80,0 млн. теңге); фитнес орталығының құрылысы, Г.Г. Гак ЖК (250,0 млн. теңге).

    2024 жылы Құрылыс дүкенінің құрылысы, М.Ж. Сыздықов (100 млн. теңге); Монша кешенінің құрылысы, Воробьева Юлия Александровна ЖК (жобаның құны 200 млн. тг); «Сарыарқа» көтерме-бөлшек сауда орталығының құрылысы «PVL-TRADE» ЖШС (100 млн. тг); Кеңсе үй-жайларының құрылысы, Пушкин көшесі, 72/2, ЖШС «HTP Cеть PVl» (300,0 млн.тг).

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2024 жылдың қорытындысы бойынша 41,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2022 жылдың деңгейінен 6,5% - ға төмен. 2024 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің НКИ 117,8% құрады. Облыстық көлемдегі үлес 8,7% құрайды.

    Ақсу қаласының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың негізгі бағыттары суармалы жерлерде картоп пен көкөніс өндіру бойынша дамыған саласы бар мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы болып табылады. Мақсаты-нарықты нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түлікпен қанықтыру және аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру. Қала егіс алқабы мен жалпы картоп жинау бойынша жетекші орынға ие.

    Ауыл шаруашылығы саласында 2022-2024 жылдар кезеңінде инвестициялық жобалар іске асырылды: Евгеньевка а/о «Виктория» ШҚ-да 20,0 мың тонна көкөніс қоймасын салу (1500,0 млн.теңге); М. Омаров атындағы а/о «ЛидерPVL» ЖШС-де 20,0 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасын салу (1800,0 млн. теңге); Достық а/о «ПавлодарНатурПродукт» ЖШС-нің 800 га суармалы учаскесін іске қосу (800,0 млн. теңге); Достық а/о «ПавлодарНатурПродукт» ЖШС-нің 10,0 мың тонна картоп қоймасын салу (1098,4 млн. теңге); Алғабас а/о «Кронос-Павлодар» ЖШС 669,3 га суармалы учаскені іске қосу (886,2 млн. теңге); (900,0 млн. теңге); М. Омаров атындағы а/о «Лидер PV» ШҚ» ЖШС-нің 1200 га суармалы учаскесін іске қосу (900,0 млн. теңге); Достық а/о «Бастаушы AGRO» ЖШС-нің 300 га суармалы учаскесін іске қосу (505,5 млн. теңге); Қ. Қамзин а/о «Кронос-Павлодар» ЖШС-нің 1200 басқа арналған СТФ құрылысы (13 735,7 млн. теңге); Достық а/о «ПавлодарАгроСнаб» ЖШС 78,3 га суармалы учаскені іске қосу (48,9 млн. теңге); Достық а/о «Namys» ШҚ 300 га суармалы учаскені енгізу (435,7 млн. теңге).

    Суармалы егіншілік алқаптары жыл сайын кеңеюде. Суармалы жерлердің жалпы ауданы 2024 жылы 21,8 мың га құрады, 2022 жылмен салыстырғанда (16,5 мың га) суармалы жерлерді енгізу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен суару алаңы 5,3 мың га ұлғайды.

    2025 жылғы 1 қаңтарға қалада 3869 ШОБ субъектісі тіркелген, оның 93,1%-ы немесе 3603-і жұмыс істеп тұр. 3 жыл ішінде ШОБ белсенді субъектілерінің саны 8,4%-ға өсті. Бұл секторда 6866 адам немесе қаланың экономикалық белсенді тұрғындары санының 18,1% жұмыс істейді.

    Үш жыл ішінде шағын және орта бизнес 182,1 млрд.теңгеге өнім (қызмет) өндірді. Оның 37,5% немесе 68,3 млрд. теңгесі 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында шығарылды.

    Мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы серпін болып табылады. Үш жыл ішінде 147 жоба субсидияланды, ішінара кепілдік 93 кредит бойынша берілді, 5 грант берілді. Бизнестің субсидияланған жобаларының саны бойынша Ақсу қаласы облыс бойынша 3-ші орында.

    Ақсу қаласының өнеркәсіптік ауданында әлеуетті инвесторларды тарту, жұмыс орындарын құру үшін индустриялық аймақ анықталды.

    Қала құраушы кәсіпорындарға жақын орналасуы, ыңғайлы көлік логистикасы және коммуналдық инфрақұрылымның болуы бизнесті минималды шығындармен құруға және дамытуға мүмкіндік береді.

    Индустриялық аймақты құрудың мақсаты отандық және шетелдік инвесторларды тарту, өнеркәсіп саласында шағын және орта кәсіпкерлікті жедел дамытуға жәрдемдесу, қаланы импортты алмастыратын өніммен қамтамасыз ету болып табылады.

    Тұрғындарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайлы өмір сүру ортасын, оның ішінде абаттандырылған инфрақұрылымды құру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

    2022-2024 жылдары барлық көздер есебінен 209,0 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету 21,1 шаршы метрді құрады, 2022 жылға қарағанда 0,5% – ға өсті (2022 жылы-21,0 шаршы метр).

    2022 жылдан бастап жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 94,6% - дан 95,9% - ға дейін өсті. 2024 жылы ұзындығы 44,3 км жергілікті маңызы бар автожолдарды қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеу жұмыстары орындалды.

    Жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 62,8% (магистральдық - 55%, тарату – 70,6%) құрайды.

    2022-2024 жылдары бюджет қаражаты есебінен шамамен 6,0 млрд. теңге сомасына 14,4 км жылумен жабдықтау желілері қайта жаңартылды. 2024 жылы жалпы ұзындығы 4,9 км жылу желілерін құны 3,4 млрд. теңгеге ауыстыру басталды (2025 жылы аяқталады).

    2024 жылдың қорытындысы бойынша Ақсу қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы 62,8% құрады.

    2022-2024 жылдары 22,4 км сумен жабдықтау желілерін және 60,8 км су бұру желілерін салу және қайта жаңарту бойынша 4,0 млрд. теңге сомасына 9 жоба іске асырылды. 2024 жылы 14,7 шақырым сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен реконструкциясы жүргізілді. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген қала халқының үлесі 98%, су бұрумен 89,5% құрады.

    2024 жылы ауыл тұрғындарының сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігі 2023 жылғы деңгейде қалды - 99,9%. 2022-2023 жылдары АЕМ-де сумен жабдықтау саласында қолда бар су құбыры желілерінің жұмысын жақсарту үшін көтергіш сорғы станцияларын салу бойынша 2 жоба іске асырылды.

    Ақсу қаласын көгалдандырудың жалпы аумағы 809 га құрайды. Бұл аумақта ағаштар мен бұталардың 82998 данасы өседі. 2025 жылдың көктемгі кезеңінде облыс аумағында 5000 жеміс ағашының көшеттері отырғызылды. Тағы 5000 шырша көшетін отырғызу жоспарлануда.

    Бұдан басқа, қала құраушы кәсіпорындар табиғат қорғау іс-шаралары шеңберінде қала аумағын көгалдандыруға белсенді қатысады.

    Қала аумағында «Ақсу-Полигон» ЖШС жұмыс істейді. 2024 жылы ҚТҚ жалпы көлемі 8424 тоннаны құрады (2022 жылы – 8630 тонна, 2023 жылы – 8424 тонна).

    «Горкомхоз-Аксу» ҚБ коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және көму бойынша қызмет көрсететін жалғыз ұйым болып табылады.

    Бір қызметкердің орташа жалақысы 30,7% - ға, 2022 жылғы 317229 теңгеден 2024 жылы 414606,0 теңгеге дейін ұлғайды.

    Өңір бойынша жұмыс күшінің саны 37,9 мың адамды құрайды. 2022-2024 жылдары жұмыссыздар саны 1,8 мың адам өзгеріссіз қалады.

    2022-2024 жылдары Ақсу қаласы бойынша 9,0 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5,5 немесе 61% тұрақты. Жылына орта есеппен 3 мыңнан астам жұмыс орны, тұрақты - шамамен 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылады.

    2022-2024 жылдары қалада дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады. Спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың саны 2025 жылғы 1 қаңтарға 28 794 адамды немесе қала халқының 39,7% құрады (анықтама: 2022 жыл – 37 %; 2023 жыл-38,5%).

    3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% – ға, 1 жастан 6 жасқа дейін-97,2% - ға қамтамасыз етілген.

    3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді.

    2 мамандандырылған орта білім беру ұйымы бар.

    Ақсу өңірінде жастармен атаулы жұмыс жасау үшін бір жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Орталық базасында жыл сайын жастарды қызықтыратын мәселелер бойынша 2000-ға жуық ақпараттық консультациялар (офлайн/онлайн) өткізіледі. Өңірде 7 волонтерлік және бастамашыл топ, сондай-ақ «Жасыл Ел» еңбек жасағы жұмыс істейді.

    Халықтың 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 93,1% құрады (анықтама: 2022 жыл – 81,1%, 2023 жыл – 85,0%).

    Халықтың 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 93,1% құрады (анықтама: 2022 жыл – 81,1%, 2023 жыл – 85,0%).

    2019 жылдың тамыз айынан бастап мүгедектігі бар адамдарды спорттық жұмыспен қамту үшін жағдай жасау мақсатында «Тең мүмкіндіктер әлемі» РҚБ-мен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Бочча және адаптивті футбол бөлімдері ашылды. Қалалық бюджет қаражаты есебінен үстел жұб теннисі, дзюдо жұбы, пневматикалық мылтықтан ату, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.

    Дене шынықтыру және спортпен көру, есту, тірек-қимыл аппараты зақымданған 240 мүгедектігі бар адам қамтылды. Бұл мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 10% – ы (анықтама: 2022 жыл-212 адам, 2023 жыл-220 адам). Жыл сайын осы санаттағы адамдар үшін кемінде 25 жарыс өткізіледі.

    Соңғы 3 жылда Ақсу өңірінің аумағында тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды талдау олардың жыл сайынғы өсімін көрсетеді (2022 жылы – 323, 2023 жылы – 377, 2024 жылы – 431).

    2022 жылдан бастап 2024 жыл аралығында облыс бойынша 70-ке жуық бейнебақылау камерасы орнатылды. Ақсу қаласында аумақтық бөлімшелердің кезекші бөлімдері мен учаскелік пункттеріне 129 бейнекамера шығарылды.

    Барлық 31 АЕМ кең жолақты интернетке қосылған.

    Цифрлық өнімдер мемлекеттік органдардың қызметіне белсенді енгізілуде. Облыс әкімі аппаратының жанынан жағдай-талдау орталығы құрылды. Геоақпараттық портал шеңберінде (www.geopavlodar.kz) 40-тан астам сандық топтары жұмыс істейді.

    Жалпы, қаланың әлеуеті өңір экономикасының тұрақты дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы алғышарттар жасайды.

    Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы

    Ақсу қаласында осы даму жоспары шешуге бағытталған бірқатар проблемалық мәселелер бар.

    Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіруді ұлғайту үшін пештерді жаңарту қажет. Бұл жұмыс инвестициялық бағдарламалар шеңберінде кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүргізіледі.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, су бұру объектілері және т.б.) жай-күйін жақсартуға қажеттілік бар.

    Экологиялық жағдай маңызды мәселе болып қала береді. Ақсу қаласы негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары есебінен атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары қалалардың қатарына кіреді. Тұтыну және өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және терең өңдеу жүйесі жоқ.

    Ауыл халқының лайықты деңгейі мен сапалы өмірін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау кез келген мемлекеттің басты міндеті болып табылады. Өңір бойынша әлеуметтік нысандардың, кентішілік жолдардың тозуына байланысты бірқатар проблемалар бар. Осыған байланысты әлеуметтік нысандарды жаңғырту және салу, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі кентішілік жолдарды жөндеу талап етіледі.

    Бәсекелестік артықшылықтар:

    электр энергиясының профициті;

    электр энергиясының төмен тарифі;

    өндірістік әлеуеттің болуы;

    энергетикалық кәсіпорындар ауданында индустриялық аймақ құру;

    қала кәсіпорындарындағы бос жұмыс орындары.

    Жалпы, Ақсу өңірі өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған моноқала болып табылады. Болашақта қала экономикалық өсу нүктесіне айналуы мүмкін.

    Мүмкіндіктер:

    инвестициялық тартымдылықты арттыру, оның ішінде индустриялық аймақты дамыту есебінен;

    электр энергиясын өткізу нарықтарын кеңейту;

    қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, оның ішінде қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңа өндірістерді дамыту

    1. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және ресурстар

    Индикатордың атауы

    Жауапты орындаушы

    Ақпарат көзі

    Өлшем бірлігі

    2024жыл нақты

    2025жыл жоспар

    Жоспарлы кезең

    2026

    2027

    2028

    2029

    2030

    Облыстың даму жоспарын іске асыру

    1 бағыт: Экономиканың мықты фундаменті

    1

    НҰИ 3

    Еңбек өнімділігінің жинақталған өсу индексі, 2022=99 (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары – Кабылтаева А.Ж. Д.К.,

    ЭБЖБ – Назарчук И.П, ЖАО

    ресми стат. ақпарат

    %

    102,8

    113,1

    119,1

    125,8

    133

    140,3

    140,3

    Қаржы ресурстары

    млн. тенге

    0

    0

    0

    0

    0

    0

    0

    2 бағыт: Өсудің жаңа нүктелері

    2

    НҰИ 26

    Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін ішкі туристер саны

    Әкімнің орынбасары - Тлявкаев Р.И., КжТБ - Дүйсембекова М.Т.

    Ресми стат. ақпарат

    адам

    1626

    1646

    18923

    19939

    20471

    21934

    22314

    3

    НҰИ 27

    Орналастыру орындарымен қызмет көрсетілетін келуші туристер саны

    Әкімнің орынбасары - Тлявкаев Р.И., КжТБ - Дүйсембекова М.Т.

    Ресми стат. ақпарат

    адам

    9

    8

    320

    320

    371

    401

    409

    3 бағыт: Өмірдің жоғары сапасы

    4

    НҰИ 6

    Халықтың туған кездегі өмір сүру ұзақтығы (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары - Маликова А.К., ДСБ - Кучуков Е.Е.

    саны

    жыл

    74,1

    74,4

    74,7

    75,1

    75,3

    75,6

    75,6

    НИ 2 Стандартталған өлім-жітім коэффициентінің төмендеуі (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары - Маликова А.К., ДСБ - Кучуков Е.Е.

    6,89

    6,84

    6,79

    6,74

    6,69

    6,69

    1-тапсырма. Өлім-жітімнің негізгі түрлерінің себептерін азайту

    1.4-нәтиже көрсеткіші

    100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім-жітім

    Ақсу қаласының ПБ – Сламбеков А.А

    Ведомстволық деректер

    100 мың тұрғынға

    20,7

    20,7

    20,6

    20,5

    20,4

    20,4

    Қаржы ресурстары

    млн. тенге

    33,0

    42,0

    75,0

    75,0

    75,0

    0,0

    0,0

    5

    НҰИ 11

    Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен/кедейлік шегінен төмен халықтың үлесі (облыс бойынша)

    ЖҚҮӘББ- Кадырова С.К.

    Ресми стат. ақпарат

    %

    3,9

    3,8

    3,8

    3,6

    3,6

    3,6

    3,6

    Мақсат. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту

    НИ Жұмыссыздық деңгейі (республика бойынша)

    ЕХӘҚМ, ЖАО

    Ресми стат. ақпарат

    %

    4,8

    4,7

    4,7

    4,7

    4,6

    4,6

    4,8

    1-тапсырма. 3,3 млн. астам азаматты жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар –кем дегенде 2,3 млн. адамнан кем емес

    1-міндет. 3,3 млн астам азаматты жұмысқа орналастыру, оның ішінде жастар – 2,3 млн адамнан кем емес

    1.1-нәтиже көрсеткіші

    Жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны

    Қала әкімінің орынбасары - Негманова Р.А., ЖҚӘББ - Исаханова Н.Г., Ақсу қаласының Мансап орталығы - Аспанов Д.М.

    «Еңбек нарығы» ААЖ

    адам

    1861

    2590

    1583

    1583

    1583

    1583

    1583

    соның ішінде жастар

    адам

    829

    1082

    1 066

    1 370

    1 393

    1 393

    1 393

    6

    НҰИ 12

    Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, қала

    (республика бойынша)

    ОМО

    ҰЭМ әкімшілік деректері

    %

    90,4

    91,6

    92,7

    93,9

    95,2

    96

    96

    7

    НҰИ 13

    Өңірлік стандарттар жүйесіне көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі, ауыл (республика бойынша)

    ОМО

    ҰЭМ әкімшілік деректері

    %

    65,5

    66,6

    67,6

    68,7

    69,8

    71

    71,0

    Мақсат. Павлодар облысының елді мекендерінің типіне (қаласына, ауылына) және мөлшеріне (халық санына) байланысты объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) халыққа қолжетімділігінің ең төмен міндетті деңгейін қамтамасыз ету

    НИ

    Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі

    Қала әкімінің орынбасары – Конротбаев Н.З.,

    ЭжБЖБ - Ыбыраева Б.Ж.

    ҰЭМ әкімшілік деректері

    %

    қала

    94,5

    91,6

    93,5

    93,9

    94,2

    94,5

    94,7

    ауыл

    67,0

    66,6

    71,5

    71,7

    71,8

    71,8

    71,8

    Тапсырма: Ауыл және қала тұрғындары үшін қолайлы орта құру

    МӘДЕНИЕТ

    3.1-нәтиже көрсеткіші

    Мәдениет объектілерімен және қызметтерімен қамтамасыз етудің өсуі

    Қала әкімінің орынбасары - Негманова Р.А., МжТДБ басшысы

    Әкімшілік деректер

    мәдениет нысандарының саны

    34

    34

    36

    36

    36

    36

    36

    СПОРТ

    4.1-нәтиже көрсеткіші

    Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар санын жалпы халықтың 50% - на дейін жеткізу

    Қала әкімінің орынбасары - Негманова Р.А., ДШжСБ - Амиржанов Б.С.

    ЖАО әкімшілік деректері

    %

    39,0

    39,7

    42,5

    44,2

    47,9

    49,5

    52

    ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

    5.1-нәтиже көрсеткіші Жақсы және қанағаттанарлық жағдайда ішкі жолдардың үлесін ұлғайту, км

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары – Батыргужинов С.Б., ЖКАЖБ –

    Кашкиров К.Ш.

    ЖАО әкімшілік деректері

    км

    2 249,5

    2 297,0

    2 498,9

    2 558,9

    2 618,9

    2 678,9

    2 678,9

    ХАЛЫҚТЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

    6.1-нәтиже көрсеткіші

    Халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету:

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З. ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі – Азаматов Б.К.

    Әкімшілік деректер

    %

    қала

    98

    99

    100

    100

    100

    100

    100

    ауыл

    99,9

    99,9

    100

    100

    100

    100

    100

    6.2-нәтиже көрсеткіші

    Электр желілерінің тозуын азайту (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары – Батыргужинов С.Б.,

    ЭжТҮКШБ –

    Иманзаипов Е.Б

    ЖАО әкімшілік деректері

    %

    59,2

    58,7

    58,3

    57,9

    57,7

    57,5

    57,5

    6.3-нәтиже көрсеткіші

    Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З., СжҚҚ бөлімі - Ефремов К.В.

    Ресми стат. ақпарат

    м2

    85,1

    85,5

    86,1

    86,2

    86,3

    86,9

    88,5

    6.4-нәтиже көрсеткіші

    Жылумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту және тозуын төмендету (облыс бойынша)

    ведомстволық деректер

    %

    79,7

    77,6

    74,3

    72,2

    70,2

    70,2

    70,2

    ИНФОКОММУНИКАЦИЯ

    8.1-нәтиже көрсеткіші

    Интернет желісіне қол жеткізуді қамтамасыз ету

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З. ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі – Азаматов Б.К.

    Әкімшілік деректер

    %

    100,0

    100,0

    100,0

    100,0

    100,0

    100

    100

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    48,6

    1 163,9

    11 128,8

    12 577,6

    10 076,6

    1 241,3

    1 615,0

    8

    НҰИ 14

    ТМС реттейтін жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозу деңгейі, %

    (республика бойынша)

    ӨҚМ, ҰЭМ, ЖАО

    ӨҚМ әкімшілік деректері

    %

    49

    48

    46

    44

    42

    40

    40

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    62,9

    318,0

    5369,1

    1566,6

    50,0

    0,0

    0,0

    9

    НҰИ 15
    Халықтың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейі, % (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары – Кабылтаева А.Ж.

    ЖАП келісімі бойынша

    %

    49,4

    53,5

    55,1

    56,7

    58,4

    60,2

    61,4

    Мақсат. Орман ресурстарын, жануарлар дүниесі ресурстарын, табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау, ұтымды пайдалану және молықтыру

    НИ Халықты қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен қамтамасыз ету

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З. ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі – Азаматов Б.К.

    әкімшілік деректер

    %

    80,1

    80,3

    80,5

    80,7

    80,9

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    0,0

    0,0

    0,0

    0,0

    0,0

    0,0

    0,0

    4-бағыт: Экономиканың және қоғамның түпкілікті өзгерістері

    10

    НҰИ 30

    Негізгі капиталға инвестициялар (НКИ), ЖІӨ % (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары – Кабылтаева А.Ж., ИИДБ -
    Курманова Л.Р., барлық салалық басқармалар

    ресми стат. ақпарат

    млрд.
    теңнге

    839,7

    1110,7

    1413,3

    1734,7

    2289

    3000

    3485,1

    ведомстволық деректер

    құны 150 мың АЕК-тен асатын инвестициялық жобалар саны

    61

    78

    96

    117

    Ақсу қаласы бойынша

    Қала әкімінің орынбасары - Тлявкаев Р.И., КжТБ - Дуйсембекова М.Т., АШБ - Құсайынов А.Т.

    Ресми стат. ақпарат

    млрд.
    теңнге

    89,3

    169,8

    208,9

    256,4

    338,3

    443,4

    515

    ведомстволық деректер

    құны 150 мың АЕК-тен асатын инвестициялық жобалар саны

    9

    11

    13

    15

    -

    11

    НҰИ 31

    НКИ жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, % (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары – Кабылтаева А.Ж., ИИДБ –

    Курманова Л.Р.

    ресми стат. ақпарат

    млрд.теңге

    127,3

    244,4

    325,1

    433,7

    618

    900

    1045,5

    Ақсу қаласы бойынша

    Қала әкімінің орынбасары - Тлявкаев Р.И., КжТБ - Дуйсембекова М.Т., АШБ - Құсайынов А.Т.

    ресми стат. ақпарат

    млрд.
    теңге

    0,3

    0,0

    0,1

    0,2

    0,2

    0,3

    0,3

    12

    НҰИ 33

    Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны, АҚШ млрд. долл (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің орынбасары – Кабылтаева А.Ж., ИИДБ –
    Курманова Л.Р.

    ҚР ҰБ статистикалық деректер

    млрд.
    теңге

    354,8

    1120

    1 127,0

    1 129,0

    1 135,0

    1 142,0

    1 152,0

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    0,0

    1420,0

    18830,0

    25230,0

    20978,0

    0,0

    0,0

    13

    НҰИ 34
    Парниктік газдар шығарындыларының шекті көлемі, % (1990 жылғы деңгейге), (республика бойынша)

    ЭТРМ

    Антропогендік шығарындылар кадастрытуралы ұлттық есеп

    %

    91

    90

    89

    88

    87

    86

    86

    НИ

    Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З. ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі – Азаматов Б.К.

    Ведомс.
    деректер

    %

    34

    37

    41

    43,5

    43,8

    44,3

    44,7

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    14,2

    19,0

    25,0

    25,0

    25,0

    0,0

    0,0

    5 бағыт: Жоспарлаудың, мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсетудің өзге де құжаттарын іске асыру

    1-мақсат: Төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету

    НИ
    Азаматтық қорғау органдарын авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру деңгейі (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары - Батыргужинов С.Б.,

    ТЖД - Амирин Р.Н.

    ТЖМ әкімшілік деректер

    %

    64,5

    64,8

    65,1

    71

    77

    84,0

    90

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    0,0

    0,8

    133,0

    3,0

    3,0

    0,0

    0,0

    4 мақсат: Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру

    НИ

    Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі (Ақсуқ.а.а.)

    Қала әкімінің орынбасары - Конротбаев Н.З. ТҮКШ,ЖКжАЖ бөлімі, ауылдық округтердің әкімдері

    ЖМО әкімшілік деректері

    %

    96

    96,8

    97,4

    98,3

    98,3

    НИ

    Бір тұрғынға тұрғын үймен қамтамасыз ету (облыс бойынша)

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары – Батыргужинов С.Б.,

    ҚБа -

    Ажмұрат А.Қ.

    ресми стат. ақпарат

    ш.м

    24,5

    23,4

    23,6

    23,8

    24

    24,2

    Қаржы ресурстары

    млн. теңге

    0

    0

    305,1

    358,4

    368,6

    0,0

    0,0

    ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ,оның ішінде:

    млн. теңге

    158,7

    2 963,6

    35 866,0

    39 835,6

    31 576,2

    1 241,3

    1 615,0

    оның ішінде нысаналы индикаторлармен және нәтижелер көрсеткіштерімен қамтылмаған бюджет қаражаты

    млн. теңге

    2060,9

    1985,0

    2035,2

    Аббревиатураның толық жазылуы:

    ЖАП

    Жоғары аудиторлық палата

    ТЖД

    Төтенше жағдайлар департаменті

    ЖАО

    Жергілікті атқарушы органдар

    ҰЭМ

    Ұлттық экономика министрлігі

    ЖПҚ

    Жергілікті полиция қызметі

    ЕХӘҚМ

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

    ЭТРМ

    Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    ҚБа

    Құрылыс басқармасы

    ДСБ

    Денсаулық сақтау басқармасы

    ИИДБ

    Индустриялық-инновациялық даму басқармасы

    ЖҚҮӘББ

    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

    ЭБЖБ

    Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

    АШБа

    Ауыл шаруашылығы басқармасы

    ЭТКШБ

    Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

    ОМО

    Орталық мемлекеттік органдар

    НИ

    Нысаналы индикатор

    КжТБ

    Кәсіпкерлік және туризм бөлімі

    ПБ

    Полиция бөлімі

    ЖҚӘББ

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

    ЭжБЖБ

    Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

    МжТДБ

    Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

    ДШжСБ

    Дене шынықтыру және спорт бөлімі

    ТҮКШ,ЖКжәнеАЖБ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

    СжҚҚБ

    Сәулет және қала құрылысы бөлімі

    АШБ

    Ауыл шаруашылығы бөлімі

    ҚБ

    Құрылыс бөлімі

    МО

    Мансап орталығы

    Жүктеу
    32a24adf3ba391c947a9b05ad8003fe5_original.130558.docx
    DOCX · 127 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ақсу өңірінің 2026 жылғы қаңтар-маусым әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

    Ақсу өңірінің 2026 жылғы қаңтар-маусым әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары Өнеркәсіп 2026 жылғы 1 шілдеге өнеркәсіп өндірісінің көлемі 374 391,2 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2025...

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақсу қаласының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер енгізу туралы шешім

    Жарияланды:
    Бюджет

    2026-28 ж арналған Азаматтық бюджет (жаңартылған)

    Жарияланды: