«Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына және «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

    БҰЙЫРАМЫН:
    1. «Жазаның өтелмеген бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:
    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын адамдар санатына ауыстырылады, оларға қатысты соттылығы өтелген немесе алынғанға дейін профилактикалық есеп пен бақылау жүзеге асырылады.
    16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «16. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның облыстан (Қазақстан Республикасынан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкен, қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы күшін жойған, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткен және ол қайтыс болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде АДБ-ға қажетті түзету енгізу үшін ААО-ға хабарлама жолданады».

    2
    2. «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
    «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін қамтамасыз етсін»;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі Қағидалар):
    17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
    «3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының»;
    Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
    Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


    Министрдің міндетін атқарушы
    полиция генерал-майоры
    Б. Әленов

    Жүктеу
    Приказ
    Приказ
    DOCX · 98 КБ
    Жүктеу
    Приложение 1
    Приложение 1
    DOCX · 24 КБ
    Жүктеу
    Приложение 2
    Приложение 2
    DOCX · 16 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Баяндама

    Баяндама (2025 жыл)

    Баяндама (2025 жыл)

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Баяндама

    Баяндама (2024 жыл)

    Доклад (2024 год)

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Баяндама

    Баяндама (2023 жыл)

    Баяндама (2023 жыл)

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Баяндама

    Баяндама (2022 жыл)

    Баяндама (2022 жыл)

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Баяндама

    Баяндама (2021 жыл)

    Баяндама (2021 жыл)

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 6 айындағы Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы

    2026 жылғы 6 айындағы Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Бұйрық

    Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

    Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штабтың ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

    ҚР ІІМЖарияланды:
    Бұйрық

    Үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен (есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы саласында) өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы

    Үкіметтік емес ұйымдармен және жұртшылықпен (есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы саласында)өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрамын бекіту туралы

    ҚР ІІМЖарияланды: