Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру

    ·

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Құжатқа қатысты әсерді бастапқы бағалау (скрининг) рәсімін бастау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне төмендегі стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ) материалдары жолданды:

    1. Құжатты іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын Құжат жобасы – «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
    2. Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы;
    3. «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылының даму және құрылыс салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы). Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Колдау» ЖШС.

    СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ.

    СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Жамбыл облысының әкімдігі.

    СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23 шілдеден 5 тамызға дейін (қоса алғанда). Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 5 тамыз.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

    1. Жобаны іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, оның қандай әсерлері болуы ықтимал және оларды неліктен елеулі деп санайсыз?
    2. Жоба бекітілгенге дейін қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қандай ықтимал әсерлер зерттелуі тиіс және неліктен?
    3. Сіздің пікіріңізше, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу қажет пе? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
    4. Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты өзге де ескертулеріңіз немесе ұсыныстарыңыз бар ма?

    Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2039 жыл.

    Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Байланыс деректері:

    Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
    Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

    Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.

    Телефондар: 8 (7172) 74-02-83, 74-13-83.

    Электрондық пошта: [email protected], [email protected].

    Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Кеңсесінің электрондық поштасына жолдауға болады: [email protected].

    Жолданған құжаттардың Министрлік Кеңсесінде тіркелгенін міндетті түрде +7 (7172) 74-08-44 телефоны арқылы нақтылаған жөн.

    СЭБ материалдары төмендегі интернет-ресурстарда орналастырылған:

    • Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында («Қызмет» → «Негізгі құжаттар» → «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімдері);
    • Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында.
    Жүктеу
    7f5dd4110ee189eaed9df3b776aca095_original.18804.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу
    255e410ee56a8471197f2efd0d573849_original.23093746.docx
    DOCX · 22 МБ
    Жүктеу
    7ebc243f1d4486cb074ac57f67ee6230_original.20965600.pdf
    PDF · 20 МБ
    Жүктеу
    42edb91a635adb049e0061e64a36d21c_original.21074950.pdf
    PDF · 20 МБ
    Жүктеу
    6b98254742dec88628d8509a8e2a7f11_original.18188794.pdf
    PDF · 17 МБ
    Жүктеу
    02d937e85cde32cc7d81ceec79bef5c9_original.1164965.pdf
    PDF · 1,1 МБ
    Жүктеу
    7d2a914610dd4b7c9bf0d03cdaa6dae6_original.4363787.pdf
    PDF · 4,2 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады

    Қазақстан азаматтары қандай жағдайларда тегін өзгерте алады Қазақстан тұрғындары белгілі бір негіз болған жағдайда тегін өзгертуге құқылы. Бұл мемлекеттік қызметтің қандай жағдайларда көрсетілетіні және оны қалай рәсімде...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді

    Мемлекеттік корпорация ХҚКО-дан дайын құжаттарды жеткізу қызметін кеңейтеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» дайын құжаттарды ХҚКО-дан жеткізу сервисі қолжетімді болатын мемлекеттік қызметтердің т...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРЫЛТАЙ 23 тамыз - жаңару үшін дауыс бер!

    Жарияланды:
    Кесте

    Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттығына тіркелген саяси партиялардың Т.Рысқұлов ауданының сайлаушыларымен кездесу кестелері (2026 жылдың 24 шілде – 2026 жылдың 21 тамыз аралығы)

    ҚР Құрылтай сайлауы Саяси партия атауы шілде 20 дүйсенбі 21 сейсенбі 22 сәрсенбі 23 бейсенбі 24 жұма 25 сенбі 26 жексенбі «Әділет» партиясы Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейдің акт залы, Луговой ауылы, Т.Рысқұлов көше...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Құжатқа қатысты әсерді бастапқы бағалау (скрининг) рәсімін бастау үшін...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Құжатқа қатысты әсерді бастапқы бағалау (скрининг) рәсімін бастау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республика...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Құжатқа қатысты әсерді бастапқы бағалау (скрининг) рәсімін бастау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республика...

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру

    Әсерді бастапқы бағалау (скрининг) нәтижелерін қарау туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Құжатқа қатысты әсерді бастапқы бағалау (скрининг) рәсімін бастау үшін...

    Жарияланды: